Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Узункольского сельского округа Узункольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 57
- Қабылданған күні
- 24.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2021 159206_553588.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NS00057M
- ЭКБ идентификаторы
- 159206
- Редакция идентификаторы
- 159206_553588
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:37
0 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ұзынкөл ауылдық
округінің әкімі
__________ К. Нұрмағамбетов
2021 жылғы 24 қыркүйек
4 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 57 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Ұзынкөл ауылының тұрғындары үшін
484
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Есмырза ауылы тұрғындары үшін
9
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Павловка ауылы тұрғындары үшін
12
5 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2021 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 57 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Ұзынкөл ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Ұзынкөл ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі шақырады.
Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Бөлек жиындарды шақыру туралы хабарлау міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады, бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша байланыстың өзге де тәсілдері қолданылуы мүмкін.
5 5. Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ұзынкөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.