Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Железинском районе

Өзге акт · № 53/7 · қабылданған 24.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159258/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Железинском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 53/7 ·24.09.2021
28.07.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Железинском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 53/7 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Железинском районе
Атауы (қаз.)
Железин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53/7
Қабылданған күні
24.09.2021
Көрсетілген редакция
28.07.2023 159258_647057.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21PF024651
ЭКБ идентификаторы
159258
Редакция идентификаторы
159258_647057
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:35

0 Железин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Железин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2

2. Железин аудандық мәслихатының «Железин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2014 жылғы 20 қарашадағы № 251-5/31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Павлодар облысы Железин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Железин аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
24 қыркүйектегі № 53/7
шешіміне қосымша
Павлодар облысы Железин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы
кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Железин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына сәйкес әзірленді.

2 2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізеледі.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Шығындарды өтеу өтініш берген айдан бастап мүгедектігі бар баланың үйде оқитынын растайтын білім беру ұйымынан анықтамада көрсетілген мерзім өткен айға дейін жүргізіледі.

5 5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб- порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

7 7. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу мөлшері тоқсанына жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқыту шығындарын өтеуден бас тарту үшін негіздер Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы