Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Бұйрық · № 314 · қабылданған 06.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159330/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 314 ·06.10.2021
01.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 314 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
314
Қабылданған күні
06.10.2021
Көрсетілген редакция
01.01.2022 159330_553270.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024693
ЭКБ идентификаторы
159330
Редакция идентификаторы
159330_553270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:26

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 6 қазандағы
№ 314
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

2

2. «Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 146-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі газды факелде жағуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алты жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған мәліметтер дұрыс болған және олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсатты дайындайды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатыны туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын бойынша білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды жағуға рұқсат беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.»;
мынадай редакциядағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-ның 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.»;
осы тізбеге 41-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 5-қосымшамен толықтырылсын.

3

3. «Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 157-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар сондай-ақ Кодекстің 154-бабының 13-тармағына сәйкес сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға да қолданылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың жауаптарын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде өтініштің Кодекстің және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде рұқсатты ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді не мынадай негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді:
1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңіз объектілерін құруға және орналастыруға рұқсат беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.
Өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.»;
мынадай редакциядағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.»;
осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 6-қосымшамен толықтырылсын.

4

4. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері сұрау түскен сәттен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген) (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) бекітілген көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) дайындайды.
Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытынды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту не осы Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) беру туралы шешім қабылдайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
6) қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Егер жеке кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылмайды.
Лицензиаттар мен лицензияларға қосымшаларда көрсетілген объектілердің мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын және (немесе) ұсынылған құжаттардың тиісінше ресімделуін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
Бұл жағдайда ҚР ӘРПК-ның 73-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының негізінде тыңдау өткізілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, мәліметтерді ұсынған және (немесе) ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 8 және 9-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуінің жалпы мерзімі өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
20. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-ның 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.»;
Қағидаларға 6-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

1.1 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

1.2 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

1.3 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

1.4 Хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Шикі газды факелде жағуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Хабарлама
________________________________________________________берілді
(өтініш берушінің толық атауы)
Осы хабарламамен __________________________________________МО
(уәкілетті органның толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы №[Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап,
көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган «Шикі газды факелде жағуға рұқсат
беру» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала шешімге
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
ұстанымын _________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган басшысы ______________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ), лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты:
20__ жылғы «___» ________ «__» сағат «__» мин

1.5 Хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Хабарлама
________________________________________________________берілді
(өтініш берушінің толық атауы)
Осы хабарламамен __________________________________________МО
(уәкілетті органның толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап,
көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган «Теңіз объектілерін құру және
орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша
алдын ала шешімге __________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
ұстанымын __________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган басшысы ______________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ), лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты:
20__ жылғы «___» ________ «__» сағат «__» мин

1.6 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

6-қосымша
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері кұбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі
2.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны, оның ішін­де ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ну және бө­ліп шы­ға­ру тү­рін­де қай­та құ­ры­л­ған жағ­дай­да бер­ген кез­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) де­ректер­дің то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) де­ректер­дің то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ре­ді;
2) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­ген кез­де, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­уді қо­с­па­ған­да, ли­цен­зия және заң­ды тұл­ға бө­лі­ну және бө­лі­ну тү­рін­де қай­та құ­ры­л­ған жағ­дай­да – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­кен кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін бюд­жет­ке ли­цен­зи­я­лық алым тө­ле­не­ді:
1) қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым:
тау-кен өн­ді­рі­сте­рін (кө­мір­су­тек­тер) жо­ба­ла­у­ға (тех­но­ло­ги­я­лық) – 10 ай­лық есеп­ті көр­сет­кіш­ті (бұ­дан әрі – АЕК);
тау-кен өн­ді­рі­сте­рін (кө­мір­су­тек­тер), мұ­най-хи­мия өн­ді­рі­сте­рін пай­да­ла­ну­ға, ма­ги­страль­дық газ құ­быр­ла­рын, мұ­най құ­быр­ла­рын, мұ­най өнім­де­рі құ­быр­ла­рын пай­да­ла­ну­ға – 100 АЕК құ­рай­ды;
2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің – 10 %-ын құ­рай­ды.
3) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­дың тел­нұс­қа­ла­рын) бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды.
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7.
«Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (қыз­мет алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің ті­зі­мі
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны элек­трон­дық түр­де алу үшін же­ке және заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­шін;
ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­лерi­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшiн ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­генiн рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шiр­месiн (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша алу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
кө­мір­су­тек­тер са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне мә­лі­мет­тер ны­са­нын;
2) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны элек­трон­дық түр­де қай­та ре­сім­деу үшін же­ке және заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­шін;
ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, же­ке­ле­ген қыз­мет түр­лерi­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшiн ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­генiн рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шiр­месiн (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де та­лап етіл­мей­ді);
алы­на­тын ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат қам­ты­л­ған құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сін;
заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­ліп шы­ға­ру және бө­лу ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де – кө­мір­су­тек­тер са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне мә­лі­мет­тер ны­са­нын.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы, ли­цен­зия ту­ра­лы, алым со­ма­сын бюд­жет­ке тө­леу ту­ра­лы анық­та­ма­ны (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Ше­тел­дік заң­ды тұл­ға, ше­тел­дік неме­се аза­мат­тығы жоқ тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы заң­ды тұл­ға үшін – заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма неме­се же­ке тұл­ға үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін) бол­ма­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ту­ра­лы ұқсас мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын бас­қа да құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға пор­тал ар­қы­лы «же­ке ка­би­не­тіне» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу ке­зін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лын­ған;
ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген;
өті­ніш бе­ру­ші (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
ли­цен­зи­ар (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) ти­іс­ті ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­нан өті­ніш бе­ру­ші­нің ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ті­ні ту­ра­лы жа­у­ап ал­ған;
өті­ніш бе­ру­ші­ге (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға) қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған;
сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот өті­ніш бе­ру­ші-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған;
өті­ніш бе­ру­ші (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін құ­жат­тар­ды ұсын­бау неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ме­уі негіз бо­лып та­бы­ла­ды;
3) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лі­ну ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер бо­лып та­бы­ла­ды:
ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­ды ұсын­ба­ған неме­се ти­ісін­ше ре­сім­де­ме­ген жағ­дай­да;
өті­ніш бе­ру­ші бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген;
егер ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша заң­ды тұ­лға­лар­ды-ли­цен­зи­ат­тар­ды бө­лу нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған­дар­дың ішін­де­гі бас­қа заң­ды тұл­ға­ға бұ­рын қай­та ре­сім­дел­ген жағ­дай­да.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ру­мен қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
www.​gov.​kz Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы­ның «Эне­ре­ги­ка ми­ни­стр­лі­гі» де­ген бө­лі­мі «Қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лі­мін­де;
пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар;
4) пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді;
5) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​gov.​kz Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы­ның «Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі» де­ген бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

1.7 Хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері кұбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
7-1-қосымша
Нысан
Хабарлама
_________________________________________________________ берілді
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Осымен _____________________________________________________МО
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап,
көрсетілетін қызметті беруші «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін
(көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және
(немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнімдері кұбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік
қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала шешімге __________________
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
ұстанымын _________________________________________________________
(тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)
білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Қызметті берушінің басшысы __________________________________________
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), лауазымы)
Хабарлама жолданған күні және уақыты:
20__ жылғы «___» ________ «__» сағат «__» мин

Қолданыстағы