Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 305 · қабылданған 27.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159346/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 305 ·27.09.2021
27.09.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 305 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
305
Қабылданған күні
27.09.2021
Көрсетілген редакция
27.09.2021 159346_540741.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21MC00305A
ЭКБ идентификаторы
159346
Редакция идентификаторы
159346_540741
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:35

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 46,4 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 25 (жиырма бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Бейнеу ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 305 қаулысына қосымша
«TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық
талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi
Ауданы (гектар)
1.
Бейнеу ауданының босалқы жерінен
24,02
2.
Бейнеу ауылы жерінен
11,2
3.
Төлеп ауылы жерінен
5,04
4.
«Назар» шаруа қожалығының 13-196-009-586 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
0,4
5.
«Азамат» шаруа қожалығының 13-196-009-230 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
0,8
6.
«Азат-Нұр» шаруа қожалығының 13-196-009-393 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
0,7
7.
«Түйте» шаруа қожалығының 13-196-009-054 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
1,08
8.
«Нұртас» шаруа қожалығының 13-196-009-459 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
0,76
9.
«Елеусін» шаруа қожалығының 13-196-009-040 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
1,6
10.
«Шапағат-1» шаруа қожалығының 13-196-009-419 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен
0,8
Барлығы:
46,4

Қолданыстағы