О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 735
- Қабылданған күні
- 13.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2021 159449_541440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000735
- ЭКБ идентификаторы
- 159449
- Редакция идентификаторы
- 159449_541440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:22
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мынадай республикалық мемлекеттік мекемелер құрылсын:
1 1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы»;
2 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы».
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көздеген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».