О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 735
- Қабылданған күні
- 13.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2021 159449_541440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000735
- ЭКБ идентификаторы
- 159449
- Редакция идентификаторы
- 159449_541440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:22
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай республикалық мемлекеттік мекемелер құрылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы»;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы».
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көздеген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».