Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Брендт»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Брендт»
- Атауы (қаз.)
- «Брендт» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 09.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2021 159678_542793.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NH00121A
- ЭКБ идентификаторы
- 159678
- Редакция идентификаторы
- 159678_542793
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:55
0 «Брендт» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 1106-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Брендт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің босалқы жерлерінде орналасқан жалпы алаңы 1642,5664 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Брендт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3 3. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;