Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Гео Север»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Гео Север»
- Атауы (қаз.)
- «Гео Север» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 09.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2021 159723_542916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NH00125A
- ЭКБ идентификаторы
- 159723
- Редакция идентификаторы
- 159723_542916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:55
0 «Гео Север» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 10 қарашадағы № 921-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Гео Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің босалқы жерлерінде орналасқан жалпы алаңы 2,5405 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Гео Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.
3 3. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;