О нормах потребления коммунальных услуг по теплу, горячей и холодной воде
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О нормах потребления коммунальных услуг по теплу, горячей и холодной воде
- Атауы (қаз.)
- Жылу, ыстық және суық су беру коммуналдық қызметтерін тұтыну мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 233
- Қабылданған күні
- 13.07.1998
- Көрсетілген редакция
- 13.07.1998 1598_286838.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98P000081_
- ЭКБ идентификаторы
- 1598
- Редакция идентификаторы
- 1598_286838
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:37
0 Жылу, ыстық және суық су беру коммуналдық қызметтерін тұтыну мөлшерлерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Жылуды және суды есептейтін құралдардың көрсеткіштерін талдау қорытындылары олардың облыс бойынша тұрғындарға белгіленген сумен жылуды тұтыну мөлшерлеріне едәуір сәйкес келмейтінің көрсетті. Тұрғындардың су мен жылуды тұтыну мөлшерін белгілеу және қолдану мәселесін реттеу, меншік иелері кооперативтерінің жалпы үй жүйелерінде болатын және анықталмаған шығындарды азайту жөніндегі қызметін ынталандыру мақсатында, сондай-ақ тұтынылатын су мен жылуды құралдар арқылы барлық жерде есепке алу үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Мынандай тұтыну мөлшері белгіленсін:
шаруашылық су мен ағындар бойынша бір адамға тәулігіне:
Павлодар қаласында – 300 литров, Екібастұз қаласында – 250 литр, Ақсу қаласында – 250 литр;
1 шаршы метрді жылытуға жылу құаты бойынша:
Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жылыту кезеңінде 0,2 гигакалория;
1 адамға жылына суды жылытуға жылу құаты бойынша:
Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында – 2,15 гигакалория.