Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Сарани» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Сарани

Қаулы · № 73/02 · қабылданған 19.10.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159815/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Сарани» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Сарани Күшін жойған Қаулы ·№ 73/02 ·19.10.2021
07.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Сарани» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Сарани

Күшін жойған Қаулы ·№ 73/02 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Сарани» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Сарани
Атауы (қаз.)
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73/02
Қабылданған күні
19.10.2021
Көрсетілген редакция
07.11.2024 159815_731016.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KG024936
ЭКБ идентификаторы
159815
Редакция идентификаторы
159815_731016
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:19

0 «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қоса берілген «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы Д. Кайырбекке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары

Саран қаласының әкімідігінің
2021 жылғы 19
қазандағы
№ 73/02
Қаулымен
бекітілген
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары

1

1. Осы «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

1 1) біржолғы ақшалай сыйақы;

2 2) алғыс жариялау;

3 3) грамотамен марапаттау;

4 4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

3 3. Нақ сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.

4

4. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

5

5. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі бірыңғай комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамы қала әкімінің өкімімен бекітіледі.

6

6. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу Саран қаласы әкімінің өкімі негізінде, ал Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

7

7. Саран қаласы әкімінің грамотасымен мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың алдына қойылған аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.

8 8. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісінше және адал орындағаны үшін Саран қаласы әкімінің алғысы жарияланады.

9 9. Саран қаласы әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеу туралы шешім «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады.

«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін әкімнің грамотасымен көтермелеуді есепке алуды қала әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке ісіне көтермелеу туралы деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.

10 10. Грамота мен алғыс хат мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және оған Саран қаласының әкімі қол қояды.

11 11. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге де нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.

12 12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

1 1) тәртіптік жазалары алынбаған;

2 2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

3 3) мемлекеттік органда бір айдан кем жұмыс істегендер.

Қолданыстағы