Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Джангельдинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Джангельдинского района
- Атауы (қаз.)
- Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 25.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2021 159848_543613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NI024951
- ЭКБ идентификаторы
- 159848
- Редакция идентификаторы
- 159848_543613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:14
0 Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2 2. «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 25 қазандағы
№ 156 қаулысына
қосымша
Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№
Орналасқан жері
Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын
1.
Торғай ауылы, Қасымхан Алтынсары көшесі, № 67 үй
57,75
2.
Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, № 52 үй
71,17
3.
Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, № 56 үй
54,65
4.
Торғай ауылы, Кейкі батыр көшесі, № 12 үй 1 пәтер
8,74
5.
Торғай ауылы, Қоғабай Сәрсекеев көшесі № 1 үй, 2 пәтер
0,61
6.
Торғай ауылы, Қожмұханбетов көшесі № 13 үй
10,56
7.
Торғай ауылы, Дулатов көшесі № 4 үй
15,29
8.
Торғай ауылы, Кәтен Дамолла көшесі № 31 үй, 1 пәтер
15,72
9.
Торғай ауылы, Токин көшесі, № 72 үй
8,96