Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Джангельдинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Джангельдинского района
- Атауы (қаз.)
- Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 25.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2021 159848_543613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NI024951
- ЭКБ идентификаторы
- 159848
- Редакция идентификаторы
- 159848_543613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:14
0 Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 25 қазандағы
№ 156 қаулысына
қосымша
Жангелдин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№
Орналасқан жері
Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын
1.
Торғай ауылы, Қасымхан Алтынсары көшесі, № 67 үй
57,75
2.
Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, № 52 үй
71,17
3.
Торғай ауылы, Нұрхан ақын көшесі, № 56 үй
54,65
4.
Торғай ауылы, Кейкі батыр көшесі, № 12 үй 1 пәтер
8,74
5.
Торғай ауылы, Қоғабай Сәрсекеев көшесі № 1 үй, 2 пәтер
0,61
6.
Торғай ауылы, Қожмұханбетов көшесі № 13 үй
10,56
7.
Торғай ауылы, Дулатов көшесі № 4 үй
15,29
8.
Торғай ауылы, Кәтен Дамолла көшесі № 31 үй, 1 пәтер
15,72
9.
Торғай ауылы, Токин көшесі, № 72 үй
8,96