Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в районе Алтай

Өзге акт · № 8/3-VII · қабылданған 21.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159941/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в районе Алтай Қолданыста Өзге акт ·№ 8/3-VII ·21.10.2021
20.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в районе Алтай

Қолданыста Өзге акт ·№ 8/3-VII · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в районе Алтай
Атауы (қаз.)
Алтай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8/3-VII
Қабылданған күні
21.10.2021
Көрсетілген редакция
20.06.2023 159941_639401.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VL025004
ЭКБ идентификаторы
159941
Редакция идентификаторы
159941_639401
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:16

0 Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/3-VII шешіміне
1- қосымша
Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген өтініш берілген айдан бастап мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі, Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады .

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тартуға негіз, Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

13 Алтай ауданының мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/3-VII шешіміне
2- қосымша
Алтай ауданының мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Зырян ауданының мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4738 болып тіркелген);
2. Алтай ауданының мәслихатының «Зырян ауданының мәслихатының 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 47/16-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5882 болып тіркелген);
3. Алтай ауданының мәслихатының «Зырян ауданының мәслихатының 2016 жылғы 17 қазандағы № 9/3-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі № 69/19-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7298 болып тіркелген).

Қолданыстағы