Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, его территориальных органов и специализированного государственного учреждения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу, его территориальных органов и специализированного государственного учреждения
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317-НҚ
- Қабылданған күні
- 29.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2024 159965_695527.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2100000317
- ЭКБ идентификаторы
- 159965
- Редакция идентификаторы
- 159965_695527
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:11
0 Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Аппаратының басшысы Ғ.А. Садырбековке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________Е. Жамаубаев
2021 жылғы «____» ______________
7 Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021жылғы «____» _____________ № ____
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
р/т №
Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы
Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Жеңіл автомобильдер базасында
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде
1 а/м жүру лимиті айына (км)
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
17
5
2600
2
саны 60 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменттері
7
1
2600
3
саны 80 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
8
1
2600
4
саны 80 штаттық бірліктен астам облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
12
2
2600
5
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы
2
1
2600
Ескертпе:
* жеңіл, жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустардың шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.