Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай

Өзге акт · № 8/5-VII · қабылданған 21.10.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159982/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай Күшін жойған 15.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай

Күшін жойған Өзге акт № 8/5-VII 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай
Атауы (қаз.)
Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/5-VII
Қабылданған күні
21.10.2021
Көрсетілген редакция
15.05.2026 159982_821809.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VL025020
ЭКБ идентификаторы
159982
Редакция идентификаторы
159982_821809
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/5-VII шешіміне
1-қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 млн. (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

6 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/5-VII шешіміне
2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
Қандастар.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Толық емес отбасылар.
Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар).