Об отчуждении стратегических объектов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отчуждении стратегических объектов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 804
- Қабылданған күні
- 10.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2022 160099_589229.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000804
- ЭКБ идентификаторы
- 160099
- Редакция идентификаторы
- 160099_589229
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:02
0 Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат етілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
84
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепте.
»;
2
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін стратегиялық объектілерінің тізбесі
Р/с №
Мүліктің атауы
Саны
(бірл.)
Гараж нөмірі, мем.нөмірі (№)
Сәйкестендіру нөмірі
1
2
3
4
5
1.
TIMSAN MPS5800 маркалы өздігінен жүретін жолаушылар автотрапы
1
гараж
№ 308
VIN (шасси №): NNANPR75H02000615
Қозғалтқыш № 825416
Түгендеу № 98470664
2.
TIMSAN MPS5800 маркалы өздігінен жүретін жолаушылар автотрапы
1
гараж
№ 315
VIN (шасси №): NNANPR75H02000547
Қозғалтқыш № 824816
Түгендеу № 98470671
3.
Әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеуге арналған PREMIER MT43-21 маркалы арнайы машина
1
гараж
№ 355
VIN (сериялық №): S/N 67838
Қозғалтқыш № 73056249
Түгендеу № 98470535
___________________________________