Об утверждении нормативных правовых актов в области пчеловодства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативных правовых актов в области пчеловодства
- Атауы (қаз.)
- Бал арасы шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 26.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2012 AI16011_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002374_
- ЭКБ идентификаторы
- 16011
- Редакция идентификаторы
- AI16011_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:19
0 Бал арасы шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының "Бал арасы шаруашылығы туралы" Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес, бұйырамын:
1 1. Қоса берiлiп отырған бекiтiлсiн:
1 1) омартаға ветеринариялық паспорт беру Ережелерi;
2 2) омартаның ветеринариялық паспорты.
2 2. Ветеринариялық департаментiне, Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
0 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ОМАРТАНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ ОМАРТАНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2003 жылғы 27 мамырдағы
N 297 бұйрығымен
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ОМАРТАНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ
ОМАРТАНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Берiлдi ____________________________________________________
(шаруашылық субъектiсiнiң аталуы, иесiнiң аты-жөнi)
Оған тиiстi бал арасының саны ___________________ ұясы
орналасқан _______________________________________________________
(орналасқан жердiң аталуы, мекен-жайы)
____________________________________________________________
__________________________________________________________________

Ветеринариялық қызмет көрсету жүктеледi_____________________
__________________________________________________________________
(ветеринариялық маманның аты-жөнi)
Берiлген мерзiмi "___" ______________200___ж.
Ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторы ____________
(аты-жөнi, қолы)
M.O.
Шаруашылық субъектiсінiң жетекшiсi немесе омартаның
иесi______________________________________________________________
(аты-жөнi, қолы)
1 1. Жалпы мәлiметтер
1 1. Омартаның ветеринариялық паспорты (бұдан әрi - паспорт) ведомстволық және меншiк түрiне қарамастан әрбiр омартаға толтырылады.
2 2. Паспортқа ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесінiң бас мемлекеттiк инспекторы қолын қойып мөрiн басып бередi.
3
3. Паспорт есептiлiк құжаты болып табылады, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнде арнайы журналда, онда паспорттың, омартаның иесiнiң аты-жөнi, мекен-жайы, бақылау мерзiмi, омартаның саны, санитариялық жағдайы, эпизоотиялық жағдайы және ұсынылған ветеринариялық iс-шаралар, паспорттың күшiнiң жойылған мерзiмi, көрсетiлiп тiркеледi және тiркеу саны көрсетiледi.
4 4. Паспортты ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесінiң ветеринариялық инспекторы омартаны тексергеннен кейiн сиямен түсiнiктi және қысқаша толтырады. Омартаны тексеру жылына бiр рет көктемде немесе күзде жүргiзiледi.
5 5. Паспорт араның балауыз өнiмдерiн сатарда, сатып аларда көрсетiледi және белгiленген тәртiпте ветеринариялық куәлiктердi 1 және 2 үлгiдегi бал араларын және өнiмдерiн шығаруға сатуға, сондай-ақ бал араларын басқа жерлерге көшiруге берiлетiн құжат болып табылады.
6 6. Паспорт шаруашылық субъектiсiнiң жетекшiсiнде немесе омартаның иесiнде сақталады.
7 7. Паспорт 4 беттегi графалар толтырылғаннан кейiн және оны ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiне көрсеткеннен кейiн жаңа паспортпен алмастыруға жатады.
2 2. Омартадағы ветеринариялық-санитарлық жағдай
8 8. Ерiктi түрде жазылады:
1 1) ара үйшiктерiнiң орналастыру ара қашықтықтары, боялғандығы, нөмiрiнiң, ұшу алаңдарының болуы;
2 2) омартаның аумағының және омарталар қойылатын коралардың, қосалқы омарталардың, ұя рамаларының, ақырлардың, кенептердiң, жылытқыш көпшiктердiң, ветеринариялық-санитарлық жағдайы;
3 3) дезинфекциялық техниканың, дезинфекциялық құралдардың, санитарлық-гигиеналық бағыттағы нысандардың, сондай-ақ қол жуғыш, арнайы киiмдер, дәретхана болуы;
4 4) омартаның өнiмдiлiгi, бал арасы аналығының және олардың көбеюiнiң жағдайы;
5 5) омартада биылғы немесе өткен жылы алынған бал арасының аналықтарының, егер растайтын құжаттары болған жағдайда, бал арасының тұқымы көрсетiледi;
6 6) лауазымы және қолы.
__________________________________________________________________
Бақылау мерзiмi | Омартаны бақылаудың нәтижелерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3 3. Омартадағы эпизоотиялық жағдай
9 9. Ветеринариялық маман немесе ветеринариялық зертхана қойған, алдын ала немесе қорытынды диагноз.
10 10. Аурудың шыққан мерзiмi және жұғу көзi.
11 11. Карантиннiң (шектеудiң) қойылу және алыну мерзiмi және қай мемлекеттiк органның шешiмiмен қойылған, алынған.
12 12. Лауазымы және қолы.
__________________________________________________________________
Аурудың аталуы және | Аурудың жұғу көзi | Карантиннiң (шектеудiң)
шығу мерзiмi | | қойылу немесе алыну
| | мерзiмi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4 4. Зертханалық зерттеулер
13 13. Патологиялық материалдарды зерттеу нысандары (бал арасы, көбеюi, бал, балауыз, бал тасығыш) және зерттеу нәтижелерi немесе диагноз (қойылған жағдайда).
14 14. Ветеринариялық зертхананың аталуы, экспертизаның нөмiрi және ұсынылған ветеринариялық iс-шаралар.
15 15. Лауазымы және қолы.
__________________________________________________________________
Материалдың | Зерттеу нысаны | Экспертиза N, зерттеу нәтижелерi
түскен және | | және ұсынылған ветеринариялық
зерттелген | | iс-шаралар
мерзiмi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
5 5. Ветеринариялық iс-шаралар
16 16. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуымен және бақылауымен, омарта иесiнiң жүргiзетiн емдеу және профилактикалық, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау және дезакаризациялау жұмыстары.
17 17. Лауазымы және қолы.
__________________________________________________________________
Іс-шаралардың | Орындалған жұмыстардың | Препараттың аты, дозасы,
аталуы және | көлемi (қайталануы) | беткейлiгi
жүргізілген | |
мерзiмi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
1 Омартаға ветеринариялық паспорт беру ЕРЕЖЕЛЕРI
Бекiтiлдi
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2003 жылғы 27 мамырдағы
N 297 бұйрығымен
Омартаға ветеринариялық паспорт беру ЕРЕЖЕЛЕРI
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық паспорт берудiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 1 бабының 10 тармақшасына сәйкес жасалынған және ветеринариялық паспортты берудiң және толтырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
2 2. Осы Ережелер талаптарын аумақтың ветеринариялық инспекторларына, сондай-ақ бал арасын өсiрумен, көбейтумен және бал арасы өнiмдерiн сатумен шұғылданатын, жеке және заңды тұлғалардың орындаулары мiндеттi болып табылады.
2 2. Осы Ережелерде қолданылған негiзгi ұғымдар
3 3. Омарта - бал арасымен қоса белгiлi бiр жерде орналастырылған бал ара ұялары және бал ара шаруашылығымен айналысуға қажеттi мүлiк.
4
4. Омартаның ветеринариялық паспорты - ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiленген нысандағы құжат, онда бал арасы ұяларының орналасқан жерi, иесi, саны, бал аралары ауруларының профилактикасын, емдеудi және диагностикасын, жүргiзу мақсатында өткiзiлген ветеринариялық өңдеудiң мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi.