Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Астана – Павлодар на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Астана – Павлодар на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Павлодар учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 584
- Қабылданған күні
- 10.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2025 160112_742718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025108
- ЭКБ идентификаторы
- 160112
- Редакция идентификаторы
- 160112_742718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:02
0 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Астана – Павлодар учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1
1) І-а санатты «Астана – Ерейментау – Шідерті» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын «Астана – Павлодар» 16+000 километр (бұдан әрі – км) – 1367+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар «Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау» автомобиль жолы, республикалық маңызы бар «Бастау – Ақтау – Теміртау» автомобиль жолының «Теміртау – Ақтау» учаскесі, республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автомобиль жолының «Ақтау – Ульяновск» учаскесі, республикалық маңызы бар «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» автомобиль жолы, облыстық маңызы бар «Беловка – Қалқама» автомобиль жолы, республикалық маңызы бар «Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автомобиль жолының «Беловка-Ленинский» учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 16+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1367+000 км;
4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 375 км;
7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы
10 қарашадағы № 584
Бұйрыққа 1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
239 км
Бозшакөл станциясы
214 км
Төрт-Құдық ауылы
197 км
Бозтал ауылы
195 км
Қойтас ауылы
180 км
Сарадыр ауылы
173 км
Сайдалы ауылы
158 км
Малтабар ауылы
126 км
Балықты ауылы
122 км
Стаханово ауылы
1356 км
Спутник ауылы
1340 км
Пограничник ауылы
1303 км
Қалқаман ауылы
1260 км
Екібастұз қаласы
1240 км
Байет ауылы
1206 км
Шідерті ауылы
2 Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетінатқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 584 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-а санатты «Астана – Ерейментау – Шідерті» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты «Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын «Астана – Павлодар» 16+000 километр (бұдан әрі-км) – 1367+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с
Аймақтар
Жеңіл автокөліктер
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
1
16+000 км – 39+000 км (23 км)
0,0125
0,0106
0,0518
0,0440
0,1028
0,0874
2
39+000 км – 73+275 км (34 км 275 метр)
0,0186
0,0158
0,0772
0,0656
0,1532
0,1302
3
73+275 км – 160+050 км (86 км 775 метр)
0,0470
0,0401
0,1955
0,1661
0,3880
0,3297
4
160+050 км – 198+436 км (38 км 386 метр)
0,0208
0,0177
0,0865
0,0735
0,1716
0,1458
5
198+436 км –230+000 км (31 км 564 метр)
0,0171
0,0146
0,0711
0,0604
0,1411
0,1199
6
259+000 км – 1262+410 км(56 км 410 метр)
0,0306
0,0261
0,1271
0,1080
0,2522
0,2143
7
1262+410 км – 1275+410 км (13 км)
0,0070
0,0060
0,0293
0,0249
0,0581
0,0494
8
1275+410 км – 1306+200 км (30 км 790 метр)
0,0167
0,0142
0,0694
0,0589
0,1377
0,1170
9
1306+200 км – 1318+200 км (12 км)
0,0065
0,0055
0,0270
0,0230
0,0537
0,0456
10
1318+200 км – 1367+000 км (48 км 800 метр)
0,0264
0,0226
0,1100
0,0934
0,2182
0,1854
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (375 км)
0,2031
0,1733
0,8451
0,7178
1,6766
1,4247
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
0,1538
0,1307
0,2065
0,1756
0,2575
0,2190
0,2292
0,1948
0,3077
0,2617
0,3837
0,3263
0,5804
0,4933
0,7791
0,6625
0,9715
0,8261
0,2567
0,2182
0,3446
0,2931
0,4297
0,3654
0,2111
0,1794
0,2834
0,2410
0,3534
0,3005
0,3773
0,3207
0,5064
0,4307
0,6315
0,5370
0,0869
0,0739
0,1167
0,0992
0,1455
0,1238
0,2059
0,1750
0,2764
0,2351
0,3447
0,2931
0,0803
0,0682
0,1077
0,0916
0,1343
0,1142
0,3264
0,2774
0,4381
0,3726
0,5463
0,4646
2,5081
2,1316
3,3667
2,8629
4,1983
3,5699
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі
Жеңіл автокөліктер үшін
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
қарастырылмаған
2 АЕК
4 АЕК
6 АЕК
8 АЕК
10 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі
Жеңіл автокөліктер үшін
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
20 АЕК
40 АЕК
60 АЕК
80 АЕК
100 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Бұйрыққа 3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Елді мекеннің атауы
1
Қоянды ауылы
2
Софиевка ауылы
3
Жабай ауылы
4
Приречное ауылы
5
Кенеткөл ауылы
6
Қаражар ауылы
7
Новомарковка ауылы
8
Балықты ауылы
9
Ақмырза ауылы
10
Торғай ауылы
11
Малтабар ауылы
12
Сайдалы ауылы
13
Ерейментау қаласы
14
Өлеңті ауылы
15
Қойтас ауылы
16
Бозтал ауылы
17
Төрт Құдық ауылы
18
Екібастұз қаласы
19
Ленинский ауылы
20
Спутник ауылы
21
Пограничник ауылы
22
Қалқаман ауылы
23
Байет ауылы
24
Шідерті ауылы
25
Достық ауылы