Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Шымкент – Тараз на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Шымкент – Тараз на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Тараз учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 585
- Қабылданған күні
- 10.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2025 160115_742704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025110
- ЭКБ идентификаторы
- 160115
- Редакция идентификаторы
- 160115_742704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:02
0 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Тараз учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1
1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Тараз 674+000 километр (бұдан әрі – км) – 534+700 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Шымкент – Шаян – Жаңатас – Саудакент – Тоғызкент – Ақкөл – Тараз автомобиль жолы;
3 3) ақылы жолдың бастапқы пункті –674+000 км, ақылы жолдың соңғы пункті –534+700 км;
4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу;
6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 89 км 300 метр;
7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы (учаске) жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 585 Бұйрыққа
1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
Сайрам ауданы
674 км
көлік айырмасы Шымкент қ. айналып өту
670 км
Ынтымак кенті
665 км
Қарабұлақ
көлік айырмасы
658 км
Манкент
көлік айрығы
Түлкібас ауданы
652 км
Машат кенті
646 км
Састөбе
көлік айрығы
632 км
Майтөбе
көлік айрығы
587 км
Дүйсебай кенті
578 км
Қарасаз кенті
576 км
Бауыржан Момышұлы кенті
575 км
Ақ Бастау кенті
572 км
Аманбаев кенті
565 км
Нұрлыкент кенті
557 км
2 санатты «Алматы-Ташкент-Термез», автожолымен «Күйік» ескі асудан түсу
556 км
Теріс Ащыбұлақ кенті
555 км
«Күйік-Теріс-Ащыбұлақ», автожолынан шығу
3 санатты
537 км
Әулие көл кенті
Жамбыл ауданы
535 км
Айша-Бибі көлік айрығы
2 Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 585 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-б санатты учаскесі Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы өтетін «Өзбекстан Республикасының шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас (Қазақстан Республикасының шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарымен)» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Шымкент – Тараз» 674 +000 километр (бұдан әрі-км) - 534+700 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с
Аймақтар
Жеңіл автокөліктер
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
1
674+000 км - 653+150 км (20 км 850 метр)
0,0114
0,0095
0,0468
0,0398
0,0930
0,0791
2
653+150 км - 632+000 км (21 км 150 метр)
0,0115
0,0096
0,0475
0,0404
0,0943
0,0802
3
593+000 км - 557+000 км (36 км)
0,0197
0,0164
0,0808
0,0688
0,1605
0,1365
4
546+000 км - 534+700 км (11 км 300 метр)
0,0062
0,0051
0,0254
0,0216
0,0504
0,0428
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (89 км 300 метр)
0,0488
0,0406
0,2004
0,1706
0,3982
0,3386
кестеннің жалғасы
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
0,1398
0,1189
0,1872
0,1594
0,2334
0,1986
0,1418
0,1206
0,1899
0,1617
0,2367
0,2014
0,2413
0,2053
0,3232
0,2752
0,4029
0,3429
0,0757
0,0644
0,1015
0,0864
0,1265
0,1076
0,5986
0,5092
0,8017
0,6826
0,9995
0,8505
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі
Жеңіл автокөліктер үшін
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
қарастырылмаған
2 АЕК
4 АЕК
6 АЕК
8 АЕК
10 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі
Жеңіл автокөліктер үшін
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
20 АЕК
40 АЕК
60 АЕК
80 АЕК
100 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Бұйрыққа 3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Елді мекеннің атауы
Жамбыл ауданы
1
Әулие көл кенті
2
Күйік-Теріс-Ащыбұлақ автожолынан шығу
3
Теріс Ащыбұлақ кенті
4
Нұрлыкент кенті
5
Аманбаева кенті
6
Ақ Бастау кенті
7
Бауыржан Момышұлы кенті
8
Қарасаз кенті
9
Шақпақ ата кенті
10
Дүйсебай кенті