Құжат мәтініне өту

Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Шымкент – граница Республики Узбекистан (на Ташкент) на платной основе

Бұйрық · № 587 · қабылданған 10.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-160118/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Шымкент – граница Республики Узбекистан (на Ташкент) на платной основе Қолданыста Бұйрық ·№ 587 ·10.11.2021
09.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Шымкент – граница Республики Узбекистан (на Ташкент) на платной основе

Қолданыста Бұйрық ·№ 587 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Шымкент – граница Республики Узбекистан (на Ташкент) на платной основе
Атауы (қаз.)
Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
587
Қабылданған күні
10.11.2021
Көрсетілген редакция
09.01.2025 160118_742728.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025111
ЭКБ идентификаторы
160118
Редакция идентификаторы
160118_742728
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:02

0 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1

1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) 719+000 километр (бұдан әрі – км) – 803+000 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

2

2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Қазығұрт – Қызылқия – Ақжар – Дербісек – Дихан баба облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Қазығұрт – Тұрбат-Өндіріс облыстық маңызы бар автомобиль жолының Қазығұрт-Шарбұлақ учаскесі, Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр облыстық маңызы бар автомобиль жолының Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр учаскесі, 1 мамыр – Сайрам – Шымкент учаскесі, Шымкент – Қасқасу – Көксәйек облыстық маңызы бар автомобиль жолы;

3 3) ақылы жолдың бастапқы пункті –719 + 000 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 803 + 000 км;

4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес;

5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу;

6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 84 км;

7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2021 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
2021 жылғы «___» __________

1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 587
Бұйрыққа 1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиы­лы­су­лар мен қо­сы­лу­лар ме­кен­жайы км + метр
Көз­дел­ген қиы­лы­су мен қо­сы­лу бой­ын­ша ел­ді ме­кен­дер­дің ата­уы
Шым­кент қа­ла­сы
714 км
Ақ­тас кен­ті
Тө­ле­би ауда­ны
733 км
Мон­тай­тас кө­лік ай­ры­ғы
Қазығ­ұрт ауда­ны
740 км
Қа­дыр Мам­бет кен­ті
751 км
Жі­ңіш­ке кен­ті
755 км
Са­ра­п­ха­на кен­ті
762 км
Қазығ­ұрт кен­ті
764 км
Ащы­бұ­лақ кен­ті
769 км
Тұр­бат кө­лік ай­ры­ғы
777 км
Қақ­пақ кө­лік ай­ры­ғы
787 км
Ақ­жар кен­ті
Са­рыа­ғаш ауда­ны
791 км
Ата­ме­кен кен­ті
800 км
Дер­бі­сек кен­ті

2 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 587 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
I-б санатты «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке)» 719+000 километр (бұдан әрі-км) – 803+000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с
Ай­мақ­тар
Же­ңіл ав­то­кө­лік­тер
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі – тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
1
719+000 км - 733+000 км (14 км)
0,0077
0,0063
0,0316
0,0271
0,0627
0,0533
2
733+000 км - 762+900 км (29 км 900 метр)
0,0164
0,0135
0,0675
0,0578
0,1340
0,1138
3
762+900 км - 774+900 км (12 км)
0,0066
0,0054
0,0271
0,0232
0,0538
0,0457
4
774+900 км - 803+000 км (28 км 100 метр)
0,0154
0,0127
0,0634
0,0544
0,1259
0,1069
Бір ба­ғыт­та­ғы бар­лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны (84 км)
0,0460
0,0379
0,1896
0,1625
0,3765
0,3196
кестеннің жалғасы
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­тер, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар, ер­шік­ті тарт­қы­штар
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
0,0934
0,0795
0,1255
0,1065
0,1566
0,1332
0,1996
0,1697
0,2680
0,2275
0,3345
0,2844
0,0801
0,0681
0,1076
0,0913
0,1343
0,1141
0,1876
0,1595
0,2519
0,2138
0,3144
0,2673
0,5607
0,4767
0,7530
0,6392
0,9399
0,7990
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­кө­лік­тер үшін
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­те­рі, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
қа­рас­ты­рыл­ма­ған
2 АЕК
4 АЕК
6 АЕК
8 АЕК
10 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­кө­лік­тер үшін
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­те­рі,оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
1 АЕК
20 АЕК
40 АЕК
60 АЕК
80 АЕК
100 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.

3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Бұйрыққа 3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ р\с
Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
Қазығ­ұрт ауда­ны
1
Жі­ңіш­ке кен­ті

Қолданыстағы