Құжат мәтініне өту

Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Щучинск – Кокшетау на платной основе

Бұйрық · № 583 · қабылданған 10.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-160121/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Щучинск – Кокшетау на платной основе Қолданыста Бұйрық ·№ 583 ·10.11.2021
09.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Щучинск – Кокшетау на платной основе

Қолданыста Бұйрық ·№ 583 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании участка автомобильной дороги республиканского значения Щучинск – Кокшетау на платной основе
Атауы (қаз.)
Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
583
Қабылданған күні
10.11.2021
Көрсетілген редакция
09.01.2025 160121_742726.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025112
ЭКБ идентификаторы
160121
Редакция идентификаторы
160121_742726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:02

0 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) I-б санатты «Астана – Петропавл», Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Щучинск – Көкшетау» 230+250 километр (бұдан әрі – км) – 291+000 км (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

2

2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Бурабай курорттық аймағының жолдары республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Бурабай учаскесі, Бурабай – Наурызбай Батыр – Ақмола облысының шекарасы облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Щучинск – Бурабай – Щорса – Ильичевка автомобиль жолының учаскесі;

3 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –230+250 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 291+000 км;

4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

І-б санатты автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
І-б санатты автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу;

6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 60 км 750 метр;

7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 583
Бұйрыққа 1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиы­лы­су­лар мен қо­сы­лу­лар ме­кен­жайы км + метр
Көз­дел­ген қиы­лы­су мен қо­сы­лу бой­ын­ша ел­ді ме­кен­дер­дің ата­уы
Бу­ра­бай ауда­ны
233 км
Бу­ра­бай кен­ті
235 км
Қа­ра­ші­лік ауы­лы
238 км
Зе­рен­ді ауы­лы
242 км
Щу­чинск қа­ла­сы (Са­ры­ар­қа кө­ше­сі)
243 км
Щу­чинск қа­ла­сы (Тру­до­вая кө­ше­сі)
244 км
Щу­чинск қа­ла­сы (Осен­няя кө­ше­сі)
251 км
Бу­ра­бай кен­ті
254 км
Ақыл­бай ауы­лы (До­ро­фе­ев­ка)
262 км
Ба­ян­бай ауы­лы (Во­ро­нов­ка)
267 км
Ке­не­са­ры ауы­лы (Жа­ман­түз)
280 км
Мо­ло­деж­ное ауы­лы
289 км
Стан­ци­он­ный кен­ті

2 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетінатқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 583 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
I-б санатты «Астана – Петропавл», Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Щучинск – Көкшетау» 230 + 250 километр (бұдан әрі-км) - 291 + 000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)
№ Р/с
Ай­мақ­тар
Же­ңіл ав­то­кө­лік­тер
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі – тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
1
230+250 км – 267 км(36 км 750 метр)
0,0197
0,0164
0,0836
0,0705
0,1639
0,1393
2
267+000 км – 291+000 км (24 км)
0,0128
0,0107
0,0546
0,0460
0,1070
0,0910
Бір ба­ғыт­та­ғы бар­лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны (60 км 750 метр)
0,0325
0,0271
0,1381
0,1165
0,2709
0,2302
кестеннің жалғасы
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­тер, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар, ер­шік­ті тарт­қы­штар
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
Кей­ін­гі тө­лем
Ал­дын ала тө­лем
0,2458
0,2097
0,3310
0,2818
0,4113
0,3490
0,1605
0,1370
0,2161
0,1840
0,2686
0,2279
0,4063
0,3467
0,5471
0,4659
0,6798
0,5769
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­кө­лік­тер үшін
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­те­рі, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
қа­рас­ты­рыл­ма­ған
2 АЕК
4 АЕК
6 АЕК
8 АЕК
10 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Кө­лік тү­рі
Же­ңіл ав­то­кө­лік­тер үшін
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 тон­на­ға (бұ­дан әрі - тн) дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін ав­то­по­ез­дар үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі үшін
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры жүк ав­то­кө­лік­те­рі, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар үшін
1
2
3
4
5
6
7
Або­нент­тік төлем­нің құ­ны
1 АЕК
20 АЕК
40 АЕК
60 АЕК
80 АЕК
100 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.

3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Бұйрыққа 3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
Жоқ
Жоқ

Қолданыстағы