Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера

Қаулы · № 142 · қабылданған 15.06.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16014/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Күшін жойған Қаулы ·№ 142 ·15.06.2003
29.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера

Күшін жойған Қаулы ·№ 142 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера
Атауы (қаз.)
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142
Қабылданған күні
15.06.2003
Көрсетілген редакция
29.11.2012 16014_146922.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03C0002241
ЭКБ идентификаторы
16014
Редакция идентификаторы
16014_146922
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:15

0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-1 Заңының 14-бабының 2 тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату жөніндегі сауда орындарының қызметін тәртіпке келтіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыс аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.

2 2. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік басылым өнімдерін сатуға арналған арнайы тұрақты орындар белгілесін.

3 3. "Ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі (М. М. Тағымов) бір ай ішінде облыс әкімияты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын басылым өнімдерін сату тәртібін бақылау жөніндегі комиссияның құрамын облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынсын және комиссияның Ережесін әзірлесін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.

5 Облыс әкімиятының

2003 жылғы 12 маусымдағы
N 142 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесі
Осы Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-1 Заңының 3-бөлімі, 14-бабының 2-тармағы негізінде әзірленді.

1 1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылым өнімдері бөлшек саудада тек қана айқын көрініп тұратын жабық орамның ішінде және жергілікті атқару органдары арнайы бөлген тұрақты үй-жайларда ғана сатылуы тиіс.

2 2. Аталған басылым өнімдерін:

1 1) 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге;

2 2) балалар мекемелерінде және оқу орындарында және оған 150 метр радиуста іргелес жатқан аумақта;

3 3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет пен тарихи ескерткіштердің маңында;

4 4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тыйым салынады.

3

3. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімдік басылымдар тізбесін - Ақтөбе аймақтық ғылыми-өндірістік сот-сараптау лабораториясының тұжырымы негізінде облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының ұсынысы бойынша облыс әкімияты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімдік басылым өнімдерін сату тәртібін сақтау жөніндегі Комиссия анықтайды.

4 4. Осы Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға да қолданылады.

5 5. Эротикалық сипаттағы басылым өнімдерін осы мақсатқа арналып бөлінбеген жерде таратқан немесе жарнамалаған тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-11 Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

Қолданыстағы