Об определении социально значимых перевозок на внутреннем водном транспорте по городу Уральск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении социально значимых перевозок на внутреннем водном транспорте по городу Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2770
- Қабылданған күні
- 16.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2021 160294_545319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ZA025207
- ЭКБ идентификаторы
- 160294
- Редакция идентификаторы
- 160294_545319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:52
0 Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңының 1-бабының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар айқындалсын.
2 2. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 2770
әкімдіктің қаулысына
қосымша
Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар
№
Тасымалдаулардың атауы
1
Орал қаласы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі