Об определении социально значимых перевозок на внутреннем водном транспорте по городу Уральск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении социально значимых перевозок на внутреннем водном транспорте по городу Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2770
- Қабылданған күні
- 16.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2021 160294_545319.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ZA025207
- ЭКБ идентификаторы
- 160294
- Редакция идентификаторы
- 160294_545319
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:52
0 Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңының 1-бабының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар айқындалсын.
2. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 2770
әкімдіктің қаулысына
қосымша
Орал қаласы бойынша ішкі су көлігімен әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар
№
Тасымалдаулардың атауы
1
Орал қаласы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі