Об учреждении Грамоты Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об учреждении Грамоты Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 550
- Қабылданған күні
- 21.07.1998
- Көрсетілген редакция
- 21.07.1998 1604_258957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000062
- ЭКБ идентификаторы
- 1604
- Редакция идентификаторы
- 1604_258957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:36
0 Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын белгілеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 20 мамырдағы № 1178 шешімімен.
Азаматтардың еңбек, творчестволық және қоғамдық белсендiлiгiн
арттыру, олардың облысты экономикалық, әлеуметтiк дамытуда сiңiрген еңбегi
мен жетiстiктерiн көтермелеу мақсатында және "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заң күшi бар Жарлығына,
сондай-ақ облыстық Мәслихаттың 1998 жылғы 30 маусымдағы ХVII сессиясының
N 17/4 шешiмiне сәйкес
ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы белгiленсiн.
2. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы туралы Ереже бекiтiлсiн
(қоса берiлуде).
3. <*>
📌 Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2002.05.20. N 1178 шешімімен.
2002.05.20
4. Облыстық қаржы басқармасы Грамоталарды әзiрлеуге шығындарды
көздесiн.
📌 Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2000.12.12. N 958 шешімімен.
2000.12.12
7 Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 22 шiлдедегi
N 550 шешiмiне N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының Грамотасы туралы
ЕРЕЖЕ
Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапаттау моральдық
ынталандырулардың бiрi, марапатталғандардың ерекше сiңiрген еңбектерiн,
олардың қабілеттерiн, дарындылығы мен инициативасын қоғамдық танудың
белгiсi болып табылады.
I тармақ
Негiзгi ерекшелiктер
1. Грамотаны Шығыс Қазақстан облысының әкiмi белгiлейдi.
2. Экономиканы, шағын және орташа бизнестi, әлеуметтiк саланы, ғылымды, мәдениеттi, бiлiмдi дамытуға едәуiр үлес қосқан азаматтар, үлгiлi құқық қорғау және әскери қызметi, белсендi мемлекеттiк және қоғамдық қызмет үшiн сiңiрген еңбектерiн тану ретiнде Грамотамен марапатталады. Грамотамен марапаттау "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Халықтар арасында мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететiн гастрольдық сапарлардың қорытындылары бойынша творчестволық ұжымдар Грамотамен марапатталады.
4. Грамотамен екiншi рет марапаттау тек ерекше жағдайда жүргiзiледi.
5. Грамотамен марапаттау мәселелерiн облыс әкiмi жанында құрылған комиссия қарайды. Комиссия құрамын облыс әкiмi бекiтедi.
6. Грамотаға облыс әкiмi және облыстық Мәслихаттың хатшысы қол қояды.
7. <*>
📌 Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2000.12.12. N 958 шешімімен.
2000.12.12
II тарау
Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапаттауға ұсыныс жасау тәртiбi
1. Марапаттау үшiн кандидатураларды меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң ұжымдары қарайды және ұсынады.
2. Ұжымның өтiнiшi және марапатталатынның сiңiрген еңбегi мен жетiстiктерiн дәлелдi баяндаған, ұжым басшылығы қол қойған және мөрмен расталған мiнездеме қарау үшiн қала немесе аудан әкiмiнiң аппаратына жiберiледi, ол жоғарыда тұрған органға ұсыныс әзiрлейдi.
Марапаттау туралы өтiнiштiң нәтижелерi туралы облыс әкiмi аппаратының басшысы кандидатураны ұсынған органға хабарлайды.
3. Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапаттау туралы құжаттар мазмұны облыстық, қалалық және аудандық газеттерде жарияланады.
III тарау
Шығыс Қазақстан облысының Грамотасын тапсыру тәртiбi туралы
1. Грамотаны облыс әкiмi немесе облыстық Мәслихат хатшысы салтанатты
жағдайда және жариялы түрде тапсырады. Грамотаны облыс әкiмiнiң тапсырмасы
бойынша мыналар тапсыра алады:
- облыс әкiмiнiң орынбасарлары;
- облыс әкiмiнiң аппарат басшысы, оның орынбасары;
- облыстық марапаттау комиссиясының мүшелерi;
- қалалар мен аудандардың әкiмдерi;
- жеке жағдайларда комитеттердiң, басқармалар мен қоғамдық
ұйымдардың басшылары;
- әскери қызметшiлерге - әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң
командирлерi.
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев
23 Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 22 шiлдедегi
N 550 шешiмiне N 2 қосымша
📌 Ескерту. N 2 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2000.12.12. N 958 шешімімен.
2000.12.12 Шығыс Қазақстан облысының әкiмi жанындағы марапаттау комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев