Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
- Атауы (қаз.)
- Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 254
- Қабылданған күні
- 17.11.2021
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2023 160551_660661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21G0025340
- ЭКБ идентификаторы
- 160551
- Редакция идентификаторы
- 160551_660661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:51
0 Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Басым дақылдар тізбесі мен нормалары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 244 «Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
9 Басым дақылдар тізбесі мен субсидиялар нормалары
Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 қарашадағы №254
қаулысына 1-қосымша
Басым дақылдар тізбесі мен субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
15 000,0
2
Дәндік жүгері
10 000,0
3
Майлы дақылдар:
Мақсары
Күнбағыс
Қытай бұршағы
10 000,0
10 Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі
Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 қарашадағы №254
қаулысына 2-қосымша
Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі
№
Облыс атауы
Бюджеттік қаражат көлемі, теңге
1
Жамбыл облысы
2 079 801 000,0
Барлығы
2 079 801 000,0