О признании утратившими силу некоторых нормативных постановлений Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых нормативных постановлений Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
- Атауы (қаз.)
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13-НҚ
- Қабылданған күні
- 16.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2021 160552_546196.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025335
- ЭКБ идентификаторы
- 160552
- Редакция идентификаторы
- 160552_546196
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:52
0 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есеп комитетінің мынадай нормативтік қаулылары:
1) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16203 болып тіркелген);
2) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17849 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі