Құжат мәтініне өту

Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Риддера

Қаулы · № 954 · қабылданған 18.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-160593/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Риддера Қолданыста Қаулы ·№ 954 ·18.11.2021
18.11.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Риддера

Қолданыста Қаулы ·№ 954 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Риддера
Атауы (қаз.)
Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
954
Қабылданған күні
18.11.2021
Көрсетілген редакция
18.11.2021 160593_546284.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VD025338
ЭКБ идентификаторы
160593
Редакция идентификаторы
160593_546284
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:47

0 Риддер қаласының аумағында

стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

2 2. «Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қаулыға қосымша
Риддер қаласының әкімі
2021 жылғы 18 қарашадағы
№ 954
Риддер қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Алып отырған алаңы, шаршы метр
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Жақын маңдағы инфрақұрылым
Қызмет
саласы
1
Бутаково ауылы,
Дорожная көшесі, 15/5
100
5
«Буточанка»
азық-түлік дүкені
ауыл шаруашылығы өнімдерін сату
2
Бутаково ауылы,
Урожайная көшесі, 14/5
100
5
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
ауыл шаруашылығы өнімдерін сату
3
Лениногорский Лесхоз ауылы,
Лесхозная көшесі,17/5
100
5
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
ауыл шаруашылығы өнімдерін сату
4
Верхняя Хариузовка ауылы, Энергетиктер көшесі, 2/5
100
5
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
ауыл шаруашылығы өнімдерін сату
5
Поперечное ауылы, Новая көшесі, 32/5
100
5
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

Қолданыстағы