Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Каркаралинскому району

Өзге акт · № VII - 11/86 · қабылданған 09.11.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-160660/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Каркаралинскому району Күшін жойған 26.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Каркаралинскому району

Күшін жойған Өзге акт № VII - 11/86 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Каркаралинскому району
Атауы (қаз.)
Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
VII - 11/86
Қабылданған күні
09.11.2021
Көрсетілген редакция
26.08.2026 160660_841025.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KM025363
ЭКБ идентификаторы
160660
Редакция идентификаторы
160660_841025
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:54
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Қарқаралы
аудандық мәслихатының 26.08.2026 № VIII-57/446 (алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»» Заңының 14-1 бабына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.

2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қарқаралы аудан бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

Қарқаралы аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ VII - 11/86
шешіміне
қосымша
Қарқаралы аудан бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санатының тізбесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес әзірленді.

2. Тұрғын үй сертификаттары:

әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 14.09.2023 № VIII-9/69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:

1) Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2019 жылғы 29 наурыздағы «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 154 бұйрығы негізінде жасалған тиісті жылға Қарқаралы аудан бойынша кадрларға болжамды қажеттілікке сәйкес денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы еңбек қызметін жүзеге асыратын, сұранысқа ие мамандар.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 14.09.2023 № VIII-9/69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.