Құжат мәтініне өту

Об утверждении разграничения деятельности национальных компаний в сфере недропользования

Қаулы · № 854 · қабылданған 30.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-160830/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении разграничения деятельности национальных компаний в сфере недропользования Қолданыста Қаулы ·№ 854 ·30.11.2021
31.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении разграничения деятельности национальных компаний в сфере недропользования

Қолданыста Қаулы ·№ 854 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении разграничения деятельности национальных компаний в сфере недропользования
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
854
Қабылданған күні
30.11.2021
Көрсетілген редакция
31.12.2021 160830_557307.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000854
ЭКБ идентификаторы
160830
Редакция идентификаторы
160830_557307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:29

0 Жер қойнауын пайдалану саласындағы

ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы;

2

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы « » №
қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату
Р/с №
Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның ата­уы
Қыз­мет тү­рі
1.
«Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
мұ­най және газ ре­сур­ста­рын, өн­ді­ру про­це­сін су­мен қам­та­ма­сыз үшін же­ра­с­ты су­ла­рын бар­лау және өн­ді­ру
2.
«QazaqGaz» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
газ және газ кон­ден­са­ты кен орын­да­рын­да­ғы газ ре­сур­ста­рын, өн­ді­ру про­це­сін су­мен қам­та­ма­сыз ету үшін же­ра­с­ты су­ла­рын бар­лау және өн­ді­ру
3.
«Taу-Кен Са­мұ­рық» ұлт­тық тау-кен ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
уран­ды және оның қо­сы­лы­ста­рын қо­с­па­ған­да, қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бар­лау және өн­ді­ру, кө­мір бас­сейн­де­рі га­зын, өн­ді­ру про­це­сін су­мен қам­та­ма­сыз ету үшін же­ра­с­ты су­ла­рын бар­лау және өн­ді­ру
4.
«Қа­за­то­мө­нер­к­ә­сіп» ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
уран­ды, оның қо­сы­лы­ста­рын, си­рек кез­де­се­тін ме­тал­дар­ды, өн­ді­ру про­це­сін су­мен қам­та­ма­сыз ету үшін же­ра­с­ты су­ла­рын бар­лау және өн­ді­ру
5.
«Қаз­гео­ло­гия» ұлт­тық гео­ло­ги­я­лық бар­лау ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
пай­да­лы қаз­ба­лар кен орын­да­рын із­де­сті­ру­ді және ба­ға­ла­уды қо­са ал­ған­да, жер қой­на­уын гео­ло­ги­я­лық зерт­теу, мұ­най мен га­з­ды, уран­ды және оның қо­сы­лы­ста­рын, кө­мір бас­сейн­де­рі га­зын қо­с­па­ған­да, қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар мен же­ра­с­ты су­ла­рын бар­лау
Ескертпе: осы жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату мемлекеттің басым құқығын іске асыру, ұлттық компанияның үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру, тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құқығы бар ұлттық компанияны айқындау, құзыретті орган келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда келісімшарт аумағын сенімгерлік басқаруға қабылдау кезінде қолданылады.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның өкілеттіктерін іске асыру кезінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында қызметтің аражігін ажырату тиісті келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы