Құжат мәтініне өту

О переименовании акционерного общества «КазТрансГаз»

Қаулы · № 853 · қабылданған 30.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-160906/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О переименовании акционерного общества «КазТрансГаз» Қолданыста Қаулы ·№ 853 ·30.11.2021
01.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании акционерного общества «КазТрансГаз»

Қолданыста Қаулы ·№ 853 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании акционерного общества «КазТрансГаз»
Атауы (қаз.)
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
853
Қабылданған күні
30.11.2021
Көрсетілген редакция
01.01.2024 160906_678721.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000853
ЭКБ идентификаторы
160906
Редакция идентификаторы
160906_678721
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:29

0 «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20
«ҚазТранс­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» АҚ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 30 мау­сым­да­ғы № 651 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ұлт­тық хол­динг­тер­дің және (неме­се) ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың не олар­дың аф­фи­ли­ир­лен­ген тұ­лға­ла­ры­ның, сон­дай-ақ мем­ле­кет қа­ты­са­тын өзге де заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ры­на бе­рі­л­ген және (неме­се) олар­дың мен­ші­гін­де тұр­ған стра­те­ги­я­лық объ­ек­ті­лер­дің және мем­ле­кет­пен аф­фи­ли­ир­лен­бе­ген заң­ды тұ­лға­лар­дың, сон­дай-ақ же­ке тұ­лға­лар­дың мен­ші­гін­де тұр­ған стра­те­ги­я­лық объ­ек­ті­лер­дің тіз­бе­сін­де есеп­те.
».

2

2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«55. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» АҚ акциялар пакетінің 100 %».

3 3. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«45. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.».

4 4. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалсын.».

5 5.

Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.11.2023 № 1055 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6 6. «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

7 7. «Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 337 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
кестеде:
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
17.
Ма­қат – Сол­тү­стік Кав­каз газ құ­бы­ры­ның Лу­пинг жо­ба­сы­ның құ­ры­лы­сы
пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
ЭМ, «ҚТГ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша)
2022
32 474,0
ЖИ
2023
67 291,0
»;
реттік нөмірлері 136 және 137-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
136.
Аты­рау қа­ла­сын­да Фин АГТС-ін са­лу
пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
ЭМ, «ҚТГ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), әкім­дік
2022
1 035,0
РБ
2023
1 035,0
2022
115,0
ЖБ
2023
115,0
137.
Са­лы­нып жа­тқан Фин АГТС-іне дей­ін жо­ға­ры қы­сым­ды газ тар­ту құ­бы­рын са­лу
пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
ЭМ, «ҚТГ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), әкім­дік
2022
1 350,0
РБ
2023
1 350,0
2022
150,0
ЖБ
2023
150,0
»;
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» деген бөлікте:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚТГ» ҰК» АҚ – «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».

8

2 Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 797 қаулысымен
бекітілген
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі
2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с №
Іс-ша­ра­ның ата­уы
Аяқ­тау ны­са­ны
Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар
Орын­дау мер­зі­мі
Бо­лжам­ды шы­ғы­стар
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
1
2
3
4
5
6
7
1.
Отан­дық за­уыт­тар­да мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­бу­стар­ды шы­ға­ру­ды ын­та­лан­ды­ру мақ­са­тын­да ав­то­бус та­сы­ма­лын да­мы­ту жө­нін­де­гі ке­шен­ді бағ­дар­ла­ма­ны және та­би­ғи газ оты­нын құю ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның құ­ры­лы­сын қар­жы­лан­ды­ру мә­се­ле­сі бой­ын­ша ұсы­ны­стар ен­гі­зу
ИИДМ-ге ұсы­ныс
ЭМ, ҰЭМ, Қар­жы­ми­ні, екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер (ке­лі­су бой­ын­ша), «ҚазТранс­Газ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі
2019 жы­л­ғы ақ­пан
та­лап етіл­мей­ді
-
2.
Осы Жос­пар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­бу­стар мен ар­найы ав­то­мо­биль­дер­ді жа­ңар­ту бой­ын­ша ны­са­на­лы көр­сет­кіш­тер­ді орын­дау
мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­бу­стар­ды және ар­найы ав­то­мо­биль­дер­ді қа­был­дау-бе­ру ак­ті­ле­рі
ИИДМ (жи­нақ­тау), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, әкім­дік­те­рі
жыл сай­ын, 2019 – 2022 жыл­дар
та­лап етіл­мей­ді
-
3.
Осы Жос­пар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның га­з­дан­ды­ры­л­ған өңір­ле­рін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры үшін мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ға де­ген қа­жет­ті­лік­тің ны­са­на­лы көр­сет­кіш­те­рін орын­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өңір­ле­рі бө­лі­ні­сін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-мен қам­та­ма­сыз ету кө­ле­мі
«Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «ҚазТранс­Газ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша)
жыл сай­ын, 2019 – 2022 жыл­дар
та­лап етіл­мей­ді
-
4.
Осы Жос­пар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның га­з­дан­ды­ры­л­ған өңір­ле­рін­де АГ­ТКС және (неме­се) Крио­АЖҚС-ті са­лу бой­ын­ша ны­са­на­лы көр­сет­кіш­тер­ді орын­дау
АГ­ТКС және (неме­се) Крио­АЖҚС-ті пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­ле­рі
«ҚазТранс­Газ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) «ҚазТранс­Газ Өнім­де­рі» ЖШС (ке­лі­су бой­ын­ша)
жыл сай­ын, 2019 – 2022 жыл­дар
46 млрд тең­ге
же­ке ин­ве­сти­ци­я­лар, қарыз қа­ра­жа­ты
5.
Мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­бус марш­рут­та­рын бө­лу­ді ес­ке­ре оты­рып, сон­дай-ақ «Ба­тыс Еуро­па – Ба­тыс Қы­тай», «Таш­кент-Қор­ғас» ха­лы­қа­ра­лық кө­лік дә­л­із­де­рін­де АГ­ТКС және (неме­се) Крио­АЖҚС-ті са­лу үшін жер учас­ке­ле­рін бө­лу
жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың қа­улы­ла­ры
об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі
жыл сай­ын, 2019 – 2022 жыл­дар
та­лап етіл­мей­ді
-
6.
Рес­пуб­ли­ка­і­ші­лік жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды ав­то­мо­биль­мен тұ­рақ­ты та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру шар­тта­рын­да мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­бу­стар­ды жа­ңар­ту бой­ын­ша та­лап­тар­ды бел­гі­леу
рес­пуб­ли­ка­і­ші­лік жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды ав­то­мо­биль­мен тұ­рақ­ты та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру шар­тта­ры
об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі
жыл сай­ын, 2019 – 2022 жыл­дар
та­лап етіл­мей­ді
-
7.
Мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ға сәй­кес қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ны сәй­кестен­ді­ру және (неме­се) әзір­леу, АГ­ТКС, Крио­АЖҚС, кө­по­тын­ды жа­нар­май құю стан­ци­я­ла­рын, СТГ шы­ға­ра­тын за­уыт­тар­ды жо­ба­лау, са­лу және пай­да­ла­ну
ҚР ҚН, МемСТ, ҚР СТ
ИИДМ, «ҚазТранс­Газ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша)
жыл сай­ын, 2019 – 2022 жыл­дар
та­лап етіл­мей­ді
-
8.
Мо­тор оты­ны ре­т­ін­де сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны пай­да­ла­на­тын ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын са­тып алу және (неме­се) қай­та жаб­дық­та­у­ға қо­лай­лы жағ­дай­лар­ды қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ұй­ым­дар­ды және ха­лық­ты ын­та­лан­ды­ру үшін же­ңіл­дік­ті кре­дит бе­ру мә­се­ле­сін және бас­қа да қар­жы­лық, әкім­ші­лік те­тіктер­ді пы­сық­тау
ИИДМ-ге ұсы­ныс
ЭМ, ҰЭМ, об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі
2019 жы­л­ғы на­урыз
та­лап етіл­мей­ді
-
9.
Отан­дық дай­ын­да­у­шы за­уыт­тар­ға ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын шы­ға­ру­ға мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сты ор­на­ла­сты­ру жо­лы­мен және ав­тор­лан­ды­ры­л­ған ди­лер­лік ор­та­лық­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на дай­ын­да­у­шы за­уыт­тар шы­ғар­ған қо­со­тын­ды (бен­зин/сығ­ы­л­ған ТГ, ДО/сығ­ы­л­ған ТГ) ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын әке­лу­ін ын­та­лан­ды­ру үшін қо­лай­лы жағ­дай жа­сау ар­қы­лы сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны мо­тор оты­ны ре­т­ін­де пай­да­ла­на­тын же­ңіл және жүк ав­то­мо­биль­де­рі­нің, ав­то­бу­стар­дың са­нын ұл­ғай­ту
ИИДМ-ге ұсы­ныс
ЭМ, об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі
2019 жы­л­ғы на­урыз
та­лап етіл­мей­ді
-
10.
Сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны ло­ко­мо­тив­тік тех­ни­ка­лар­да қол­да­ну бой­ын­ша пи­лот­тық жо­ба­ны іс­ке қо­су мә­се­ле­сін пы­сық­тау
ИИДМ-ге ұсы­ныс
«ҚазТранс­Газ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Қа­зақ­стан те­мір жо­лы» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша)
2020 жыл
та­лап етіл­мей­ді
-
11.
Ве­дом­ство­лық/қыз­мет­тік ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ар­найы кө­лік­те­ріне сығ­ы­л­ған ТГ және (неме­се) СТГ-ны ен­ді­ру жө­нін­де­гі мә­се­ле­ні пы­сық­тау
ИИДМ-ге ұсы­ныс
ЭМ, ІІМ, Қор­ға­ны­сми­ні, АШМ, об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі
2019 жы­л­ғы ма­мыр
та­лап етіл­мей­ді
-
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АГТКС – автогаз толтыру компрессорлық станциясы;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДО – дизель отыны;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
КриоАЖҚС – сұйытылған табиғи газ криогенді жанармай құю станциясы;
Қаржымині– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ – «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары;
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;
МемСТ – мемлекеттік стандарт;
СТГ – сұйытылған табиғи газ;
ТГ – табиғи газ;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.
_________________________

Қолданыстағы