Об утверждении системы и критериев карьерного роста сотрудников органов гражданской защиты Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (Ш.М. Әзірбаев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 23 қарашадағы № 557 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) қызметкерлерін кәсіби дамытудың жағдайларын, қызмет бойынша өсірудің жағдайлары мен өлшемшарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Мансаптық өсу жүйесін кәсіби дамудың шарттары мен құралдары құрайды. АҚО қызметкеріне сәйкес келуі қажет мансаптық өсу өлшемшарттары осы Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттарының 9-тармағында көзделген.
Тармақ 3
3. Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары келесі қағидаттарға негізделген:
Тармақша 1
1) әрбір АҚО қызметкерінің тізбектелген, жоспарлы және үздіксіз дамуы;
Тармақша 2
2) кәсіби дамудағы және қызмет бойынша өсірудегі мүмкіндіктер теңдігі;
Тармақша 3
3) меритократия (барынша дайындалған кәсіби кадрларды басымдық өсіру) негізінде қызмет бойынша өсіру.
Тармақ 4
4. Осы Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттары «азаматтық қорғау» арнаулы атағы берілген АҚО қызметкерлеріне қатысты қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі
2-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі
Тармақ 5
5. АҚО қызметкерінің кәсіби дамуының шарты кәсіби даму жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жасау болып табылады. Жоспарды осы Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттарына қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшының басқаруымен АҚО қызметкері жасайды. Жоспарды жасау негізі лауазымға тағайындау және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24301 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғау органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне (бұдан әрі – Қағидалар мен Әдістер) сәйкес айқындалатын тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке жыл сайынғы бағалаудан өту болып табылады. АҚО қызметкері лауазымға тағайындалғаннан кейін жоспар тағайындалған күннен бастап бір ай ішінде жасалады. АҚО қызметкері тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке бағалаудан өткеннен кейін Қағидалар мен Әдістерге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚО қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы бекітілген күннен бастап жоспар бір ай ішінде жасалады. Жоспар екі данада жасалады: бірінші дана АҚО қызметкері жеке ісінің материалдарына қоса тігіледі, екінші дана – АҚО қызметкеріне беріледі.
Тармақ 6
6. Кәсіби дамуды жоспарлауды жалпы бақылауды АҚО кадр қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. АҚО қызметкерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне жыл сайынғы бағалау нәтижелері келесі кезеңге жоспар жасау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Кәсіби даму құралдарына: Заңның 36-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар, «Азаматтық қорғау қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 434 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24338 болып тіркелген) сәйкес кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өту, жұмыс орнында өз бетінше біліктілігін арттыру жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу өлшемшарттары
3-тарау. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу өлшемшарттары
Тармақ 9
9. АҚО қызметкерінің мансаптық өсуі (қызмет бойынша өсіру) мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жоғары тұрған лауазымның Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін біліктілік талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) атқарып отырған лауазымында кәсіби даму жоспарын орындау;
Тармақша 3
3) соңғы жыл сайынғы тексеріс нәтижелері бойынша тиімділіктің жоғары деңгейі;
Тармақша 4
4) жоғары тұрған лауазымға орналасу үшін Қағидалар мен Әдістердің 4-тарауына сәйкес айқындалатын қажетті бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Тармақша 5
5) АҚО қызметкерінің жоғары тұрған лауазым үшін көзделген Қағидалар мен Әдістерге сәйкес айқындалатын кәсіби құзыреттер моделіне сәйкес келуі;
Тармақша 6
6) жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсынылған кезде «Азаматтық қорғау органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 386 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23995 болып тіркелген) кадр резервіне алынған АҚО қызметкерінің болуы.
Басқа 1. Кәсіби даму жоспары _____________________________________________________ (қызметкердің лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттарына қосымша Нысан БЕКІТЕМІН ____________________________________________ (азаматтық қорғау органының бөлімшесі тікелей басшысының лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________ 20___ жылғы «____»____________ (күні) (қолы) Кәсіби даму жоспары _____________________________________________________ (қызметкердің лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты) Жоспарлау кезеңі: 20___ жылғы _________ бастап 20___ жылғы _________ дейін № Іс-шараның атауы Өткізу мерзімдері Аяқтау (есептіліктің) нысаны Күтілетін нәтижелер Бастапқы іс-шаралар 1 Лауазымға кіру жөніндегі іс-шаралар 2 Практикалық қызметтегі кәсіби құзыреттерді бекіту жөніндегі іс-шаралар Негізгі іс-шаралар 3 Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар 4 Біліктілікті арттырудан өту 5 Тиімділік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар 6 Бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар 7 Жұмыс орнында өз бетінше біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шаралар Жоғары тұрған лауазымға кіру жөніндегі даярлық іс-шаралары 8 Жоғары тұрған лауазымның кәсіби құзыреттерінің үлгісін игеру жөніндегі іс-шаралар Кәсіби дамуға жататын азаматтық қорғау органының қызметкері __________ ______________________________ (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету) Келісілді: Азаматтық қорғау органы кадр қызметінің басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (қойылған қолды ашып көрсету) 20___ жылғы «____»_____________