Құжат мәтініне өту

Об ограничении проезда грузового транспорта в центральной части города Алматы

Өзге акт · № 0 · қабылданған 10.06.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16107/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об ограничении проезда грузового транспорта в центральной части города Алматы Күшін жойған Өзге акт ·№ 0 ·10.06.2003
22.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об ограничении проезда грузового транспорта в центральной части города Алматы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 0 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об ограничении проезда грузового транспорта в центральной части города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы орталық бөлiгiнде жүк көлiгi қозғалысына шек қою туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
0
Қабылданған күні
10.06.2003
Көрсетілген редакция
22.01.2010 16107_215158.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03R000537_
ЭКБ идентификаторы
16107
Редакция идентификаторы
16107_215158
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:16

0 Алматы қаласы орталық бөлiгiнде жүк көлiгi қозғалысына шек қою туралы

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңының 6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" заңының 15 бабына сәйкес Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және атмосфералық ауаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады:

1 1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаттың 27.02.2003 жылғы ХХIV-i сессиясының "Алматы қаласы орталық бөлiгiнде жүк көлiгiнiң жүруiне шек қою туралы" шешiмi қайта бекiтiлсiн.

2

2. Райымбек - Жангелдин - Қалдаяқов - Луганский - Тәттімбет - Горная - Әл-Фараби - Саин шаршысында жүк автокөлігінің қозғалысы шектелсін, бұл жағдайда сенбі, жексенбі күндері (жұма күнгі 24.00-ден 6.00-ге дейін) және мереке күндері (24.00-ден 6.00-ге дейін) қаланың авариялық, құтқару қызметтерінің және асфальт және бетон төсеудің үздіксіз технологиялық үрдісін қамтамасыз ететін көлігінен басқа жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынады.

2-1

2-1. Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы, Жангелдин көшесінің батыс жағындағы, Сайн көшесінің шығыс жағындағы шаршыда және ары қарай осы шешімнің 2 тармағындағы көрсетілген шаршысында массасы жүгімен қосқанда, жүктемені тарату кезінде бір белдеме үшін 8 тоннадан асатын жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынсын, (Рысқұлов даңғылының өзін қоспағанда).

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға (Б.Е. Бөлекбаев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И.Заяцқа жүктелсін.

5 II-i сайланған Алматы қалалық

Мәслихатының 2003 жылғы
11 маусымдағы ХХV-i сессиясының
шешiмiне қосымша
Алматы қаласының орталық бөлiгiне жүк көлiгiнiң жүруiне шек қою туралы
Осы Тәртiп Алматы қаласындағы жүк автокөлiгiн пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға, меншiк түрлерiне қарамастан, қолданылады.

1 1. Алматы қаласының орталық бөлiгiнде жүк автокөлiгiнiң жүруi тек қана арнаулы рұқсатнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Рұқсатнамаларды санын, түрлерiн және мерзiмдерiн Алматы қаласы бойынша жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өкiлеттi орган (жол полициясы басқармасы) анықтайды.

3 3. Мүдделi адам рұқсатнаманы алу үшiн жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өкiлеттi органға өтiнiш жасайды.

Өтiнiште мыналар көрсетiлуi тиiс:
- негiз, Алматы қаласының орталық бөлiгiне өтуiнiң мақсаты, қозғалыс бағыты;
- баратын орны;
- Алматы қаласының орталық бөлiгiне өту үшiн қажет мерзiм;
- тасымалданатын жүктi аталуы;
- маркасы және тiркелу нөмiрлерi көрсетiлген автомашиналар саны.
Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
- автомашиналарға арналған, құқық беретiн құжаттар;
- жеке тұлғалар үшiн жеке куәлiгi және жүргiзушi куәлiгi;
- заңды тұлғаны тiркелуi туралы куәлiгi;
- техникалық диагностика станциясында автокөлiктi техникалық жағдайын тексеруден өткенi туралы құжат.
Жол қозғалысын қамтамасыз ететiн өкiлеттi орган осы Тәртiптi 3-тармағында көрсетiлген өтiнiш және құжаттар негiзiнде барлық қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 7 күн iшiнде өтiнiш иесiне рұқсатнама бередi. Рұқсатнама тегiн берiледi.

4 4. Рұқсатнама беруден бас тарту барлық қажеттi құжаттарды ұсынған сәттен бастап 3 күндiк мерзiмде негiздемелерi көрсетiлiп, жазбаша рәсiмделедi.

Қолданыстағы