Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи

Заң · № 78-VII · қабылданған 02.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-161135/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи Қолданыста Заң ·№ 78-VII ·02.12.2021
02.12.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи

Қолданыста Заң ·№ 78-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об оказании безвозмездной военно-технической помощи
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78-VII
Қабылданған күні
02.12.2021
Көрсетілген редакция
02.12.2021 161135_559145.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2100000078
ЭКБ идентификаторы
161135
Редакция идентификаторы
161135_559145
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:27

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

2021 жылғы 2 наурызда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге
қоса тіркелген халықаралық
Келісімнің мәтіні ресми болып
табылмайды. ҚР халықаралық
Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін
ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты ҚР
Сыртқы істер министрлігінен
алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы
өтеусіз әскери- техникалық көмек көрсету туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
өзара достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери саладағы ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,
1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту қажеттілігін негізге ала отырып,
Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерін дамытуға жәрдем көрсету мақсатында,
қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастарды және әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

2 2-бап

Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3 3-бап

Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.

4 4-бап

Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өткенге дейін 30 тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан тарапының уәкілетті органы Қырғыз тарапының уәкілетті органына әскери мүлікті жеткізуді жүзеге асыратын жеке құрамның атаулы тізімін береді.
Атаулы тізім мынадай мәліметтерді қамтиды: тегі мен аты-жөні, туған күні, әскери атағы, лауазымы, жеке басты куәландыратын құжаттың атауы, сериясы мен нөмірі. Атаулы тізімді Қазақстан тарапының уәкілетті органы бекітеді.
Қазақстан тарапының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери киімінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсете отырып, атаулы тізімге сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өтеді.

5 5-бап

Қырғыз тарапы осы Келісім шеңберінде Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

6 6-бап

Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамалармен ресімделеді.

7 7-бап

Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

8 8-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын Қырғыз тарапы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Қырғыз тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.
Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қырғыз тарапының осы Келісімнің 5-бабында көзделген міндеттемелері күшінде қалады.
2021 жылғы "2" наурызда Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін

0 Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының
Үкіметі арасындағы өтеусіз
әскери-техникалық көмек
көрсету туралы келісімге
қосымша
Р/с №
Мүлік атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1.
БО оғы бар 5,45 мм патрон
дана
6 000 480
2.
Жарықшақты-фугасты бастиегі бар 122 мм реактивті снаряд
дана
1 000
3.
Қызғылт сары түсті түтінді жерүсті сигналдық патрон
дана
2 000
4.
26 мм сары түсті отты сигналдық патрон
дана
1 000
5.
"Восток-СП" есту-қабылдау бекеті
бірлік
4
6.
"Галактика" РПҚ
бірлік
6
7.
"Калина 12x80" антенналық коммутаторы
бірлік
1
______________________________________

Қолданыстағы