Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Шанды и признании утратившими силу некоторых решений акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района

Өзге акт · № 1-03-4 · қабылданған 03.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-161214/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий на территории села Шанды и признании утратившими силу некоторых решений акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района Қолданыста Өзге акт ·№ 1-03-4 ·03.12.2021
03.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Шанды и признании утратившими силу некоторых решений акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 1-03-4 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий на территории села Шанды и признании утратившими силу некоторых решений акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района
Атауы (қаз.)
Шанды ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1-03-4
Қабылданған күні
03.12.2021
Көрсетілген редакция
03.12.2021 161214_548589.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21PKJ25585
ЭКБ идентификаторы
161214
Редакция идентификаторы
161214_548589
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:23

0 Шанды ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 25 қазандағы № 2-36/360 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

1 1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуге байланысты Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2 2. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы «Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-1 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23179 болып тіркелген);
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қазандағы «Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы «Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Шанды ауылы және Красноармейка станциясының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-1 шешіміне өзгерістер енгізу және Красноармейка станциясының аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» № 1-03-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24943 болып тіркелген).

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы