Об определении границ территорий для размещения казино, залов игровых автоматов, букмекерских контор и тотализаторов (касс букмекерских контор и (или) тотализаторов) на побережье Капшагайского водохранилища
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении границ территорий для размещения казино, залов игровых автоматов, букмекерских контор и тотализаторов (касс букмекерских контор и (или) тотализаторов) на побережье Капшагайского водохранилища
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай су қоймасының жағалауында казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 882
- Қабылданған күні
- 25.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2021 161234_547927.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21DB025553
- ЭКБ идентификаторы
- 161234
- Редакция идентификаторы
- 161234_547927
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:37
0 Қапшағай су қоймасының жағалауында казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қапшағай су қоймасының жағалауында казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекаралары айқындалсын.
2
2. «Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы» Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 120 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-2-103 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оны Қапшағай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
7 Қапшағай қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 25 қарашадағы № 882
қаулысына қосымша
Қапшағай су қоймасының жағалауында казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекаралары