Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира

Бұйрық · № 483 · қабылданған 03.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-161376/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира Күшін жойған 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира

Күшін жойған Бұйрық № 483 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области охраны, воспроизводства и использования животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
483
Қабылданған күні
03.12.2021
Көрсетілген редакция
14.08.2026 161376_836678.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025656
ЭКБ идентификаторы
161376
Редакция идентификаторы
161376_836678
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:54
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.08.2026 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігі

0 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 483 Бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке», мыналар жатады:

1) бекіре тұқымдас балық түрлерін жасанды жолмен молайту;

2) балық өсіру материалын өткізу;

3) бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын, өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдері алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу.