Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 1034 · қабылданған 06.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-161389/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 1034 ·06.12.2021
06.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 1034 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1034
Қабылданған күні
06.12.2021
Көрсетілген редакция
06.12.2021 161389_550598.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025661
ЭКБ идентификаторы
161389
Редакция идентификаторы
161389_550598
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:21

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларында:
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшадағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Cот сарапшысы біліктілігін беру» стандартының (бұдан әрі – 1-Стандарт) және «Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» стандартының (бұдан әрі - 2-Стандарт) 8-тармақтарына сәйкес біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне қосымшаны алу үшін құжаттарды портал арқылы электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-Стандартта және 2-Стандартта жазылған.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы портал арқылы түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде 1-стандарттың және 2-стандарттың 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Дәлелді бас тарту үшін негіздер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес 1-Стандарттың және 2-Стандарттың 9-тармақтарында келтірілген.
Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімінің өтуі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
1-Стандарттың және 2-Стандарттың 9-тармақтарында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі немесе оған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1-стандартында және 2-стандартында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы біліктілік емтиханын өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындайды - орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
6. 4 (төртінші) жұмыс күні қызмет алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезең бойынша емтихан өткізіледі:
1) компьютерлік тестілеу 100 сұрақ: қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық бойынша (20 сұрақ); криминалистика бойынша (20 сұрақ); әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ); сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтар үшін Заң бойынша (20 сұрақ);
Компьютерлік тестілеу сұрақтары көрсетілетін қызметті алушының біліктілік даярлау бағдарламасының тақырыптары негізінде қалыптастырылады.
Ғылыми дәрежесі немесе сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшылары компьютерлік тестілеу сұрақтарын әзірлеушілер болып табылады.
2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша білімді тексеру көрсетілетін қызметті алушылар үшін үш сұрақты қамтиды.
Емтихан билеттері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік даярлау бағдарламасының тақырыптары негізінде қалыптастырылады.
Барлық емтихан билеттерінде бірдей емтихан талаптары болуы керек-емтихан материалдарының бірдей көлемі, сұрақтардың, мысалдар мен тапсырмалардың бірдей күрделілік дәрежесі. Емтихан билеті біліктілік даярлау бағдарламасының әртүрлі бөлімдерінен (модульдерінен) үш сұрақтан (теориялық) қалыптастырылады.
Ғылыми дәрежесі немесе сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшылары емтихан билеттерін әзірлеушілер болып табылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не «цифрлық құжат» сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.
Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы емтиханды тапсыру кезінде қосымша құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, қандай да бір электрондық тасмалдағыштағы жазбаларды қолдануға рұқсат берілмейді.
Тестілеу аудиториясы аудио және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
26. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларында:
10 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мере кекүндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде 1-стандарттың және 2-стандарттың 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Дәлелді бас тарту үшін негіздер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес 1-стандарттың және 2-стандарттың 9-тармақтарында келтірілген.
Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімінің өтуі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
1-стандарттың және 2-стандарттың 9-тармақтарында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі немесе оған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы 1-стандартта және 2-стандартта көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын аттестаттау үшін дайындайды-орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не «цифрлық құжат» сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.
Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.
Тестілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді. Көрсетілетін қызметті алушыларға қосалқы құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақты бірінші рет бұзған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ауызша түрде ескертіледі, қайта бұзған кезде көрсетілетін қызметті алушы компьютерлік тестілеуден одан әрі өтуден шеттетіледі.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызмет беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
34. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарышөнеркәсібі министрлігі

1 «Сот сарапшысы біліктілігін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
1 қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
1-қосымша
«Сот сарапшысы біліктілігін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің Сот са­рап­та­ма­ла­ры ор­та­лы­ғы» РМҚК
2
Мем­ле­ке­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сі­лі
www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­жи­е­ле­рі
1) сот са­рап­та­ма­сы­ның бел­гі­лі бір тү­рін жүр­гі­зу құқы­ғы­на сот са­рап­шы­сы­ның бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі не негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
2) сот са­рап­та­ма­сы­ның бел­гі­лі бір тү­рін жүр­гі­зу құқы­ғы­на сот са­рап­шы­сы­ның бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гіне қо­сым­ша не негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­да­ғы оны алу тә­сі­лі
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма ара­лы­ғын­да жұ­мыс уа­қы­ты са­ғат 9:00-ден 18:30 дей­ін, са­ғат 13:00 ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды) тәу­лік бойы.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің www.​adilet.​gov.​kz ре­сми нтер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ті­зі­мі
Стан­дарт­тың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­ны­да­ғы өті­ніш;
Стан­дарт­тың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лі­мет­тер.
9
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді және (неме­се) олар­дың ішін­де­гі де­ректер­ді (мә­лі­мет­тер­ді) алу үшін қыз­мет алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қыз­мет алушы және (неме­се) ұсын­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бол­са
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан тү­рін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып өзге­де та­лап­тар
1. Қыз­мет алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
3. Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді
4. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​energo.​gov.​kz ин­тер­нет ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­ның нө­мі­рі: 1414, 8 800 080 7777.

2 «Сот-медициналық,сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-2)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
2 қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
2-қосымша
«Сот-медициналық,сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-2)
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің Сот са­рап­та­ма­ла­ры ор­та­лы­ғы» РМҚК
2
Мем­ле­ке­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сі­лі
www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рі
1) сот са­рап­та­ма­сы­ның бел­гі­лі бір тү­рін жүр­гі­зу құқы­ғы­на сот са­рап­шы­сы­ның бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі не негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
2) сот са­рап­та­ма­сы­ның бел­гі­лі бір тү­рін жүр­гі­зу құқы­ғы­на сот са­рап­шы­сы­ның бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гіне қо­сым­ша не негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­да­ғы оны алу тә­сі­лі
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма ара­лы­ғын­да жұ­мыс уа­қы­ты са­ғат 9:00-ден 18:30 дей­ін, са­ғат 13:00 ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды) тәу­лік бойы.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің www.​adilet.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ті­зі­мі
Стан­дарт­тар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­ны­да­ғы өті­ніш; Стан­дарт­тар­ға 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лі­мет­тер.
9
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді және (неме­се) олар­дың ішін­де­гі де­ректер­ді (мә­лі­мет­тер­ді) алу үшін қыз­мет алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қыз­мет алушы және (неме­се) ұсын­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бол­са
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан тү­рін­де­гі­қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып өзге­де та­лап­тар
1. Қыз­мет алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
3. Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді
4. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​energo.​gov.​kz ин­тер­нет ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­ның нө­мі­рі: 1414, 8 800 080 7777.

3 «Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
3 қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
«Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің Сот са­рап­та­ма­ла­ры ор­та­лы­ғы» РМҚК
2
Мем­ле­ке­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сі­лі
www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­жи­е­ле­рі
ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындысы неме­се негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­жи­е­ле­рін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
6
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­да­ғы оны алу тә­сі­лі
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма ара­лы­ғын­да жұ­мыс уа­қы­ты са­ғат 9:00-ден 18:30 дей­ін, са­ғат 13:00 ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды) тәу­лік бойы.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің www.​adilet.​gov.​kz ре­сми нтер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ті­зі­мі
1) сот са­рап­та­ма­сы ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын сот са­рап­шы­ла­ры үшін: Стан­дарт­қа 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оны ал­ма­сты­ра­тын адам қол қой­ған кә­сі­би да­яр­лық дең­гейі көр­се­ті­л­ген сот са­рап­шы­сы­на мі­нез­де­ме­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; сот са­рап­шы­сы­ның соң­ғы жыл­да­ғы қо­ры­тын­ды­ла­ры­на ре­цен­зи­я­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Стан­дарт­тар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лі­мет­тер;
2) ли­цен­зия негі­зін­де сот-са­рап­та­ма қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ға: Стан­дарт­тар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан­да­ғы өті­ніш; сот са­рап­шы­сы­ның соң­ғы жыл­да­ғы қо­ры­тын­ды­ла­ры­на ре­цен­зи­я­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Стан­дарт­тар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лі­мет­тер
9
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді және (неме­се) олар­дың ішін­де­гі де­ректер­ді (мә­лі­мет­тер­ді) алу үшін қыз­мет алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қыз­мет алушы және (неме­се) ұсын­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бол­са
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан тү­рін­де­гі­қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып өзге­де та­лап­тар
1. Қыз­мет алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
2. Мем­ле­кет­тіккөр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
3. Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол­же­тім­ді
4. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​energo.​gov.​kz ин­тер­нет ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы­ның нө­мі­рі: 1414, 8 800 080 7777

4 «Сот-медициналық,сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау»" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі– 2-Стандарт)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрықа
4 қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
«Сот-медициналық,сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау»" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі– 2-Стандарт)
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің Сот са­рап­та­ма­ла­ры ор­та­лы­ғы» РМҚК
2
Мем­ле­ке­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­нут­ә­сі­лі
www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рі
Ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындысы неме­се негіз­де­ме­лер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту нәти­же­ле­рін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
6
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­да­ғы оны алу тә­сі­лі
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі - Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма ара­лы­ғын­да жұ­мыс уа­қы­ты са­ғат 9:00-ден 18:30 дей­ін, са­ғат 13:00 ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды) тәу­лік бойы.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің www.​adilet.​gov.​kz ре­сми нтер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың ті­зі­мі
1) сот са­рап­та­ма­сы ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын сот са­рап­шы­ла­ры үшін: Стан­дарт­қа 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы не оны ал­ма­сты­ра­тын адам қол қой­ған кә­сі­би да­яр­лық дең­гейі көр­се­ті­л­ген сот са­рап­шы­сы­на мі­нез­де­ме­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; сот са­рап­шы­сы­ның соң­ғы жыл­да­ғы қо­ры­тын­ды­ла­ры­на ре­цен­зи­я­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Стан­дарт­тар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лі­мет­тер;
2) ли­цен­зия негі­зін­де сот-са­рап­та­ма қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ға: Стан­дарт­тар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан­да­ғы өті­ніш; сот са­рап­шы­сы­ның соң­ғы жыл­да­ғы қо­ры­тын­ды­ла­ры­на ре­цен­зи­я­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Стан­дарт­тар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лі­мет­тер
9
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді және (неме­се) олар­дың ішін­де­гі де­ректер­ді (мә­лі­мет­тер­ді) алу үшін қыз­мет алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту үшін қыз­мет алушы және (неме­се) ұсын­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бол­са
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан тү­рін­де­гі қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып өзге­де­та­лап­тар
1. Қыз­мет алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар
3. Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа қол же­тім­ді

Қолданыстағы