Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Астане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Астане
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 104/15-VII
- Қабылданған күні
- 24.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2024 161427_700412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21A0025676
- ЭКБ идентификаторы
- 161427
- Редакция идентификаторы
- 161427_700412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:39
0 Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1 1) Астана қаласы мәслихатының «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1222 болып тіркелген) шешімі;
2
2) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 532/72-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1292 болып тіркелген) шешімі.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 104/15-VII шешіміне
қосымша
Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3
3. Қызметті алушының жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.
4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
5 5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері мынадай нормалар шегінде есептеледі:
1 1) 1 айға электр энергиясын тұтыну нормалары:
150 киловатт – бір-үш адамнан тұратын отбасы;
200 киловатт – төрт және одан да көп адамдардан тұратын отбасы;
2 2) газ тұтыну нормасы, су бұру, сумен жабдықтау қызметтері, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару, лифтке қызмет көрсету – тариф бойынша әр адамға ай сайын.
6 6. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасына Қазақстан республикасының Тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр.
Жалғыз тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес болып қабылданады.
7
7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
8
8. Табысы аз отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес тоқсанына бір рет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не Мемлекеттік корпорациядан не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап сегіз жұмыс күнін құрайды.
9
9. Тұрғын үй көмегі жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.