Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Нуринскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Нуринскому району
- Атауы (қаз.)
- Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 09.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2026 161462_827519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KN025702
- ЭКБ идентификаторы
- 161462
- Редакция идентификаторы
- 161462_827519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:16
0 Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының
мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Нұра аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 9
желтоқсандағы
№ 95
Шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Нұра аудандық мәслихатының
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 95
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
3
Толық емес отбасылар.
4
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру Қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.