Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах

Бұйрық · № 43 · қабылданған 08.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-161488/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах Қолданыста Бұйрық ·№ 43 ·08.12.2021
08.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах

Қолданыста Бұйрық ·№ 43 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики расчета валовой добавленной стоимости финансовой деятельности в постоянных ценах
Атауы (қаз.)
Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
08.12.2021
Көрсетілген редакция
08.12.2021 161488_605537.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025718
ЭКБ идентификаторы
161488
Редакция идентификаторы
161488_605537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:17

0 Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі

Басшысының
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 43
бұйрығымен бекітілген
Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

2 2. Бұл Әдістемеде «Қаржы және сақтандыру қызметі» экономикалық қызмет түрі бойынша тұрақты бағалардағы жалпы қосылған құнын есептеу қарастырылады.

3 3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аралық тұтыну (бұдан әрі – АТ) – есепті кезеңдегі өндіріс процесінде түрленетін немесе толықтай тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құны;

2 2) дефлятор – экономикада белгілі бір кезеңге бағалардың орташа өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;

3 3) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткіш өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құнын қамтиды;

4 4) жалпы шығарылым (бұдан әрі – ЖШ) – есепті кезеңде ұлттық экономикада бірлік-резиденттердің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен қызметтердің жиынтық құнын көрсететін тауарлар мен қызметтердің шығарылымы;

5 5) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі;

6 6) нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – салыстырмалы кезеңдерде өндіріс көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Базистік кезең бағасымен бағаланған ағымдағы кезеңдегі белгілі бір көрсеткіштің құнын оның базистік кезеңдегі құнына бөлу арқылы есептеледі;

7 7) тұтыну бағасының индексі (бұдан әрі – ТБИ) – халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды;

8 8) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі – ҰШЖ) – елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын, шоттар мен кестелердің белгілі жиынтығы түрінде құрастырылған статистикалық көрсеткіштердің жүйесі.

2 2-тарау. Қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

1 1-параграф. Ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

4

4. 2008 жылғы ҰШЖ сәйкес қаржы корпорациялары секторына негізгі қызметі қаржы делдалдығы қызметтерін, сақтандыру қызметтерін және зейнетақымен қамсыздандыру қызметтерін қоса алғанда, қаржылық қызметтер көрсетуден тұратын барлық резидент корпорациялар, сондай-ақ қаржы делдалдығына жәрдемдесетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірліктер кіреді.

5 5. Ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖШ-ны және АТ-ны есептеу мынадай әдістемелерге сәйкес қалыптастырылады:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі №217 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14362 болып тіркелген) Қаржы делдалдығы қызметтерінің шығарылымын есепке алу әдістемесі;

2 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 қазандағы №226 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14393 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметтерін есепке алу әдістемесі;

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қарашадағы №271 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14539 болып тіркелген) Орталық банк қызметтерін есепке алу әдістемесі;

4 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 4 тамыздағы №114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15627 болып тіркелген) Сақтандыру қызметтерін есепке алу әдістемесі;

5

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 тамыздағы №118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15687 болып тіркелген) Зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметтерін есепке алу әдістемесі.

6 6. Ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

GVAҚСҚ = OutҚСҚ – ICҚСҚ (1)
мұнда:
GVAҚСҚ – ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ;
OutҚСҚ – ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің ЖШ;
ICҚСҚ – ағымдағы бағалардағы қаржы қызметінің АТ-сы.

2 2-параграф. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

7 7. Ағымдағы бағалардағы ЖІӨ өндірілген және пайдаланылған тауарлар мен қызметтердің нақты көлемінің өзгеруін тікелей өлшеуге мүмкіндік бермейді. Осы мақсатта тұрақты бағалардағы ЖІӨ-ні бағалау жүргізіледі, оның негізінде ЖІӨ-нің нақты көлем индексі есептеледі.

8

8. ЖІӨ-ні тұрақты бағаларда бағалау ЖІӨ-ні ағымдағы бағаларда жеке құндық компоненттерге бөлуді және оларды базалық жылдың бағаларында бағалау үшін оларға тиісті әдістерді қолдануды қамтиды. Тұрақты бағалардағы ЖІӨ мен оның компоненттерін бағалаудың негізгі әдістері дефляторлау және экстраполяциялау әдістері болып табылады.

9 9. Дефляторлау әдісі ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің құнын базистік кезеңдегі бағалармен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі осы тауарлар мен қызметтерге бағаның өзгеруін көрсететін индекске бөлуден тұрады. Бұл қайта бағалау рәсімі былай сипатталады:

мұнда:
– базистік кезең бағаларындағы ағымдағы кезеңдегі тауарлар (қызметтер) құны;
– ағымдағы кезеңдегі тауарлар (қызметтер) саны;
және – ағымдағы және базистік кезеңдегі бағалар;
– ағымдағы кезеңдегі ағымдағы бағалардағы тауарлар (қызметтер) құны;
– базистік кезеңмен салыстырғандағы ағымдағы кезеңдегі баға индексі.

10

10. Экстраполяциялау әдісі базистік кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің құнын базистік кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің (немесе осы жиынтық үшін репрезентативті тауарлар мен қызметтердің) осы жиынтығының нақты көлемінің өзгеруін көрсететін индекске көбейтуден тұрады. Бұл рәсім былай сипатталады:
мұнда:
– базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі тауарлар (қызметтер) құны;
– базистік кезеңдегі тауарлар (қызметтер) саны;
– базистік кезеңдегі тауарлар (қызметтер) құны;
– базистік кезеңмен салыстырғандағы ағымдағы кезеңдегі тауарлардың (қызметтердің) нақты көлем индексі.

11 11. Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-сын есептеудің негізгі әдісі «қосарланған дефляторлау» әдісі болып табылады, онда қаржы қызметінің ЖҚҚ-сы тұрақты бағалармен бағаланған қаржы қызметінің ЖШ-дан қаржы қызметінің АТ-ны шегеру арқылы есептеледі.

«Қосарланған дефляторлау» әдісін пайдалану кезінде тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны есептеу келесі кезеңдер бойынша жүргізіледі:

1 1) ТБИ дефляторлау арқылы тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖШ-ны бағалау осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) ТБИ дефляторлау арқылы тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің АТ-ны бағалау осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

3 3) Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны анықтау тұрақты бағалардағы ЖШ-дан тұрақты бағалардағы АТ-ның айырмасы ретінде осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

12 12. Қаржы қызметінің ЖҚҚ-ның НКИ-ді тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны базистік кезеңдегі қаржы қызметінің ЖҚҚ-ға бөлу арқылы есептеледі.

13 13. Тұрақты бағаларда ЖІӨ-нің компоненттерін сапалы бағалау үшін тауарлар мен қызметтерге өндірушілер бағаларының индекстері мен ТБИ-ді негізделген баға индекстерінің (дефляторлардың) дамыған жүйесі болуы қажет.

14 14. ТБИ-дің көпшілігі тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаларды өлшеуге арналғандықтан, тауарларға да, қызметтерге де (облигацияларға, акцияларға немесе басқа да қаржы активтеріне) жатпайтын өнімдерді сатып алу ТБИ-дің болжамды қамтылуына енгізілмейді.

15 15. Қаржылық қызметтерге баға индекстерін құру қиындықтармен байланысты, өйткені ТБИ-ге қандай қаржылық қызметтер қосылуы керек және оларды қалай өлшеу керек деген бірыңғай пікір жоқ.

16 16. Осыған байланысты, тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің ЖҚҚ-ны есептеудің осы кезеңінде есепті кезеңнің ЖШ мен АТ деректерін дефляторлау үшін ТБИ-ді қолдануға болады.

17

17. «Қосарланған дефляторлау» әдісінен басқа осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарында сипатталған осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ға орташа айлық атаулы жалақы индексін қолдану арқылы «дара дефляторлау» әдісімен немесе осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес қызметкерлердің нақты санының өзгерісі индексімен экстраполяциялау әдісімен бағалау жүргізуге болады.

1.1 Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы шығарылымды есептеу

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесіне
1-қосымша
Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы шығарылымды есептеу
Ба­зи­стік ке­зең­де­гі жал­пы шы­ға­ры­лым
Тұ­ты­ну ба­ға­ла­ры­ның ин­дек­сі
Ба­зи­стік ке­зең ба­ға­сын­да­ғы ағым­да­ғы ке­зең­де­гі жал­пы шы­ға­ры­лым
Ағым­да­ғы ке­зең­де­гі жал­пы шы­ға­ры­лым
мил­ли­он тең­ге
ба­зи­стік ке­зең­ге пай­ы­з­бен
мил­ли­он тең­ге
мил­ли­он тең­ге
1
2
3=4/2%
4
Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті
1=Σ2-4
2 764 104,9
3 342 236,8
3 421 404,2
Қар­жы­лық дел­дал­дық, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да
2
2 148 296,4
102,6
2 279 998,0
2 339 277,9
Мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру­дан бас­қа, сақ­тан­ды­ру, қай­та сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру
3
352 395,2
102,6
359 446,9
368 792,5
Қар­жы­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы қо­сал­қы қыз­мет
4
263 413,3
101,5
702 791,9
713 333,8

1.2 Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің аралық тұтынуын есептеу

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесіне
2-қосымша
Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің аралық тұтынуын есептеу
Ба­зи­стік ке­зең­де­гі ара­лық тұ­ты­ну
Тұ­ты­ну ба­ға­ла­ры­ның ин­дек­сі
Ба­зи­стік ке­зең ба­ға­сын­да­ғы ағым­да­ғы ке­зең­де­гі ара­лық тұ­ты­ну
Ағым­да­ғы ке­зең­де­гі ара­лық тұ­ты­ну
мил­ли­он тең­ге
ба­зи­стік ке­зең­ге пай­ы­з­бен
мил­ли­он тең­ге
мил­ли­он тең­ге
1
2
3=4/2%
4
Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті
1=Σ2-4
993 323,4
1 371 281,6
1 400 994,4
Қар­жы­лық дел­дал­дық, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да
2
719 299,0
102,6
700 729,3
718 948,3
Мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру­дан бас­қа, сақ­тан­ды­ру, қай­та сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру
3
149 201,1
102,6
130 501,1
133 894,1
Қар­жы­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы қо­сал­қы қыз­мет
4
124 823,3
101,5
540 051,2
548 152,0

1.3 «Қосарланған дефляторлау» әдісімен ағымдағы және тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесіне
3-қосымша
«Қосарланған дефляторлау» әдісімен ағымдағы және тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу
Ба­зи­стік ке­зең­де­гі ЖҚҚ
Нақ­ты кө­лем ин­дек­сі
Ба­зи­стік ке­зең ба­ға­сын­да­ғы ағым­да­ғы ке­зең­де­гі ЖҚҚ
Ағым­да­ғы ке­зең­де­гі ЖҚҚ
мил­ли­он тең­ге
ба­зи­стік жы­л­ға пай­ы­з­бен
мил­ли­он тең­ге
мил­ли­он тең­ге
1
2=3/1%
3
4
Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті
1=Σ2-4
1 770 781,5
111,3
1 970 955,2
2 020 409,8
Қар­жы­лық дел­дал­дық, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да
2
1 428 997,4
110,5
1 579 268,7
1 620 329,6
Мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру­дан бас­қа, сақ­тан­ды­ру, қай­та сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру
3
203 194,1
112,7
228 945,8
234 898,4
Қар­жы­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы қо­сал­қы қыз­мет
4
138 590,0
117,4
162 740,7
165 181,8

1.4 «Дара дефляторлау» әдісімен тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесіне
4-қосымша
«Дара дефляторлау» әдісімен тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу
Ба­зи­стік ке­зең­де­гі ЖҚҚ
Ор­та­ша ай­лық ата­у­лы жа­ла­қы ин­дек­сі
Ба­зи­стік ке­зең ба­ға­сын­да­ғы ағым­да­ғы ке­зең­де­гі ЖҚҚ
Ағым­да­ғы ке­зең­де­гі ЖҚҚ
ЖҚҚ-ның НКИ-і
мил­ли­он тең­ге
ба­зи­стік жы­л­ға пай­ы­з­бен
мил­ли­он тең­ге
мил­ли­он тең­ге
ба­зи­стік жы­л­ға пай­ы­з­бен
1
2
3=4/2%
4
5=3/1%
Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті
1=Σ2-4
2 048 002,8
1 986 360,4
2 233 384,2
97,0
Қар­жы­лық дел­дал­дық, сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­та­ма­сыз ету­ді қо­с­па­ған­да
2
1 428 997,4
107,0
1 514 326,7
1 620 329,6
106,0
Мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру­дан бас­қа, сақ­тан­ды­ру, қай­та сақ­тан­ды­ру және зей­не­та­қы­мен қам­сыздан­ды­ру
3
203 194,1
129,5
275 260,8
356 462,7
135,5
Қар­жы­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мен сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы қо­сал­қы қыз­мет
4
415 811,3
130,4
196 772,9
256 591,9
47,3

1.5 Экстраполяциялау әдісімен тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу

Тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу әдістемесіне
5-қосымша
Экстраполяциялау әдісімен тұрақты бағалардағы қаржы қызметінің жалпы қосылған құнын есептеу
Базистік кезеңдегі ЖҚҚ
ЖҚҚ-ның НКИ-і
Базистік кезең бағасындағы ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ
Ағымдағы кезеңдегі ЖҚҚ
Қызметкерлердің нақты санының өзгеру индексі
миллион теңге
базистік жылға пайызбен
миллион теңге
миллион теңге
базистік жылға пайызбен
1
2=3/1%
3=1*5%
4
5
Қаржы және сақтандыру қызметі
1=Σ2-4
2 048 002,8
100,8
2 063 728,6
2 233 384,2
Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда
2
1 428 997,4
102,4
1 463 293,3
1 620 329,6
102,4
Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру
3
203 194,1
97,0
197 098,3
356 462,7
97,0
Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет
4
415 811,3
97,0
403 337,0
256 591,9
97,0

Қолданыстағы