Об утверждении правил расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков, сельских округов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов поселков, сельских округов
- Атауы (қаз.)
- Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 510
- Қабылданған күні
- 15.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2021 161501_549132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21LG00510A
- ЭКБ идентификаторы
- 161501
- Редакция идентификаторы
- 161501_549132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:53
0 Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес, Жаңақорған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 10 қаршадағы
№510 қаулысына қосымша
Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2 2-тарау. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2 2. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3 3-тарау. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау
3
3. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
1 1-параграф. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4 4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5 5. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1 1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2 2) кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және аудандық бюджеттік комиссиясының міндетті түрде қарауынан кейін жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін ережелері;
4 4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5 5) кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6
6. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және кенттер, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
7 7. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8
8. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес осы Қағиданың қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санының болжамы қолданылады.
9 9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген кенттер, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-кенттер, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық кенттер, ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;
Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-кенттер, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;
К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-кенттер, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы аудандық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
10 10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1 1) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і- кенттер, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Халі – і-кенттер, ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
2 2) ауқым коэффициенті:
мұнда:
Кіауқым – кенттер, ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;
– бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;
Халi – і-кенттер, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
3 3) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – і-кенттер, ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;
– функционалдық кіші топ бойынша (барлық өңір бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;
4 4) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
рі – і-кенттер, ауылдық округтердегі халықтың тығыздығы;
– кенттер, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
5 5) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-кенттер, ауылдық округтердің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
6 6) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bі – і-кенттер, ауылдық округтердегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
7 7) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:
мұнда:
– і-кенттер, ауылдық округтердегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
11 11. Келесі екі жылдардағы кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
2 2-параграф. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
12 12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кенттер, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.
Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і-кенттер, ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і-кенттер, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджет пен кенттер, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
3 3-параграф. Кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
13 13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі кенттер, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір кенттер, ауылдық округтер бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:
БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұндағы:
БДБШі – і-кенттер, ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – і-кенттер, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і-кенттер, ауылдық округтердің кірістерінің болжамды көлемдері;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
14 14. Аудандық бюджет пен кенттер, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
r2 мөлшерінің шамасы бюджеттік алып қоюлар мен бюджеттік субвенциялар белгіленген кенттер, ауылдық округтер үшін жеке айқындалады.