Об утверждении Правил благоустройства территории, объектов городской инфраструктуры и соблюдения чистоты в населенных пунктах Житикаринского района Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара ауданы елді мекендерінің тазалығын сақтау мен қаланың инфрақұрылым объектілерін, аумағын көркейту Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабына сәйкес және Жітіқара ауданы әкімиятының қаулысын қарап, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жітіқара ауданы елді мекендерінің тазалығын сақтау мен қаланың инфрақұрылым объектілерін, аумағын көркейту Ережелері бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Шешім Қостанай облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткенінен соң күшіне енеді.
Басқа 3. Жiтiқара ауданының елдi мекендерiнде тазалық сақтау мен қаланың инфрақұрылым объектiлерiн, аумағын көркейту, күту Ережелерi
Жiтiқара аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 мамырдағы № 270 шешiмiмен бекiтiлдi (қосымша) Жiтiқара ауданының елдi мекендерiнде тазалық сақтау мен қаланың инфрақұрылым объектiлерiн, аумағын көркейту, күту Ережелерi Осы ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңдарына сәйкес әзiрлендi, бұл ереже, меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлерiнiң, жалгерлердiң, үй салушылардың, ғимарат иелерiнiң, сондай-ақ, көрсетiлген елдi мекендер тұрғындары мен келушiлер үшiн, Жiтiқара ауданының Пригородный кентi мен селолардың, Жiтiқара қаласының инфрақұрылым объектiлерiн күту мен қорғау, аумақ тазалығын сақтау, санитарлық тазалық, көркейту саласындағы жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiгiн анықтайды және реттейдi.
Тарау 1. 1. Көгалдандыру мен көркейту, жинау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге арнап қала аумағын бекiтiп беру және қоқыстарды шығару мен пайдаға асыру ережелерi
1. Көгалдандыру мен көркейту, жинау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге арнап қала аумағын бекiтiп беру және қоқыстарды шығару мен пайдаға асыру ережелерi
Тармақ 1
1. Шағын аудандардың (аулалардың) iшкi аумағын, тротуарларды, жинау, көгалдандыру мен көркейту жөнiндегi жұмыстар пәтерлердiң меншiк иелерi тұтыну кооперативтерiне (әрi қарай ПМТК) немесе тұрғылықты жер бойынша кондоминиумды басқарудың басқа да органдарына жүктеледi, мәртебесi Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған даңғыл көшелердi, жас көшеттер аумағын, бақша, парк соқпақтарын, тарихи және мәдени ескерткiштердi, табиғи және табиғи ландшафт және басқа да жалпы пайдаланымдағы орындарды жинау көгалдандыру мен көркейту мамандандырылған коммуналдық кәсiпорынға жүктеледi.
Тармақ 2
2. Өз аумағы мен кеңсе, палатка, дүңгiршек, шағын дүкен және басқа да шағын және орта бизнес объектiлердiң оқу орындарының, мектепке дейiнгi мекемелердiң, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындардың, құрылыс алаңының, қоймалардың, базаларға қарасты аумақ 5 метр радиусте және кiреберiстердi тазалығын сол объектiнiң қожалары өз күштерiмен, қаржысымен немесе мамандандырылған ұйымдармен шарт жасасу бойынша жинастырады; басқа аумақтың (стадиондар, базарлар, автомашиналар мен гараж құрылысы кооперативтерiнiң ашық тұрақтары, өздерiне қарасты аумақтармен бiрге 10 метр радиусте) тазалықты күту жауапкершiлiгi тиiстi жер пайдаланушыларға жүктеледi. Жер қыртысы жамылғысын бүлдiруге байланысты өнеркәсiп немесе құрылыс жұмысын жүргiзушi, құрылыспен айналысатын басқа да ұйымдар жердi» құнарлы қыртысын көшет құрылысына пайдалану үшiн алып қоюға және сақтауға мiндеттi, сондай-ақ. Құрылыс бiтiсiмен өндiрiс жұмыстары кезiнде бүлдiрген жер учаскелерi мен жас көшеттердi өз есебiнен қалпына тез келтiредi.
Тармақ 3
3. Күрделi, ағымдағы жөндеудi жүргiзушi құрылыс объектiлерiне қарасты аумақты таза күту мен жинастыру жауапкершiлiгi жөндеу-құрылыс ұйымына немесе осы жұмысты атқаратын тұлғаларға жүктеледi.
Тармақ 4
4. Ғимараттар салу кезiнде жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын үй алабын құрылыс қоқысынан тазартуды үйге тапсырыс берушi қамтамасыз етедi. Ғимарат пайдалануға берiлген сәттен бастап оның иесi жүйелi түрде тазалық жүргiзудi ұйымдастыруы тиiс.
Тармақ 5
5. Жекелеген объектiлер, түрлi ведомстволарға, сондай-ақ, тұрғын үй аумағына санитарлық тазалық жасау санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылауында өзiнiң арнаулы автошаруашылық жүргiзушiлерiмен (өз күшiмен, жеке автокөлiгi болған жағдайда) шарт бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Жүйелi түрде тазалық жасау тұрғын үй иелерiнiң, өндiрiс ғимараттары мен құрылыстардың басқа да объектiлердiң қоқыстарын шығаратын ұйымдардың өзара келiсiп жасаған кестесi және шарты бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Қатты және сұйық қалдықтарды зиянсыз ету қатты тұрмыстық қалдықтарды (әрi қарай ІТІ) пайдаға асыруға арналған санитарлық нормалар мен ережелерде баяндалған талаптардай қайта өң»деу мен зиянсыз ету жөнiндегi арнаулы бөлiнген учаскелерде немесе құрылыстарда iске асырылады. Осы мақсатқа арнаулы бөлiнбеген жерлерге қалдықтар шығаруға, сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығы жерлерiне (жайылымдарға) жағуға және көмуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Жалпы пайдаланымдағы жерлердi жинау мен күту
2. Жалпы пайдаланымдағы жерлердi жинау мен күту
Тармақ 8
8. Парктер аумағындағы, жағажай демалыс аймағындағы, көпшiлiк қыдыратын жерлердегi және басқа орындардағы тазалық 1-тарауында белгiленгендей талаптарға сәйкес күтiлiп таза ұсталады.
Тармақ 9
9. Барлық алаңдар мен көшелерде, парктерде, базаларда, қалалық көлiк аялдамаларында және басқа да орындарға жеткiлiктi етiлiп урналар қойылуы керек. Урналардың ара қашықтығын магистралды (аумақ) пайдалану интенсивiне байланысты коммуналдық шаруашылық органдары анықтайды, бiрақ ара қашықтық 50 метрден аспауы тиiс, ал, кiсiлер аз жүретiн жерлерге ара қашықтығы 100 метрден урналар қойылады. Урналар мiндеттi түрде қалалық көлiк жүретiн аялдамаларға орнатылуы тиiс. Урналарды орнату мен оның тазалығын күтуге, сол аумаққа тазалық жасауға бекiтiлген, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жауап бередi.
Тармақ 10
10. Үйлердiң және кеңселердiң, сауда жасайтын жайлардың, палаткалардың, шағын дүкендердiң, павильондардың, саябақтың, парктiң, жағажайдың иелерiн қалдықтарға арнап урналар орнатады. Урналар түзу және таза ұсталуы тиiс, қоқыстың жинақталуына қарай урналар тазартылып ІТІ пайдаға асыру үшiн қалдықтарға арналған орындарға шығарылады, үзбей жуылып және дезинфекция жасалады, жылына екi реттен кем емес сырланып отырылады.
Тармақ 11
11. Ыдыстарды және дүңгершектердiң палаткалардың, ұсақ бөлшек сауда жасайтын павильондардың, дүкендердiң, және басқа да кәсiпкерлер объектiлерiнiң, сондай-ақ, материалдардың құрылыс алаңынан тысқары үйiлуiне тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Тез бұзылмайтын тамақ тағамдарына, көкөнiстер мен жемiстерге арнап палаткаларды, шағын дүкендердi, дүңгiршектердi, жайма орындарды көшеде орнатуда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен және аудандық сәулетшiмен келiсiм жасалуы тиiс.
Тармақ 13
13. Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарының, ашық алаңдардың, дүңгiршектердiң, сауда павильондарының және басқа да орындардың тұрақты әжетханалары болмаса, келушiлер мен қызметкерлер үшiн көшпелi әжетхана (биотуалет) орнатуға мiндеттi болып табылады.
Тармақ 14
14. Көлiк құралдарын жөндеу мен пайдалануға байланысты, кент пен селолар, қала аумағын ластауға, тұрмыс қалдықтарын механикаланған жинау мен шығаруға кедергi келтiретiндей, балалар ойнайтын алаңға, аула аумағының өтетiн бөлiгiне, көлiк құралдарын қоюға, сондай-ақ, жалпы пайдаланымдағы жерлерге бөлшектелген көлiк құралдарын қоюға тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Оқшауланған аумақтағы объектiлердi жинау
3. Оқшауланған аумақтағы объектiлердi жинау
Тармақ 15
15. Оқшауланған аумақтағы объектiлерде (базар, жағажай, парк, емдеу-профилактикалық мекеме) санитарлық-эпидемиологиялық стансасының келiсiмiнсiз санитарлық қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлiк жууға, осы мақсатқа бөлiнбеген жерлерге ыдыс пен ағаш сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Жағажай Техникалық жұмысшылар жағажай жабылған соң жағалауға, әжетханаларға, киiм шешетiн жерлерге, көгалды аймақтарға, негiзгi жинастыруы, ыдыстарды жуу және әжетханаларды дезинфекциялау жүргiзуi тиiс. Күндiз патрульдiк жинастыру жүргiзiледi. Жиналған қалдықтарды шығаруға таңғы сағат 8.00 ге дейiн рұқсат етiледi. Жас көшеттер алабынан 3-5 метр, ал, су жиегiнен 10 метрден кем емес жерге урналар қойылуы қажет. Жағажай аумағындағы 160 шарты метр жерге бiреуден есептелiп, урналар қойылуға тиiс. Бiрақ, урналар арасы 40 метрден аспауы тиiс. Жағажай аумағында бiр орынға 75 рет кiрiп-шығуға арналып, қоғамдық әжетханалар орнатылуы қажет. Қоғамдық әжетханалардың арасы адамдар шомылатын жерге дейiн 50 метрден кем емес және 200 метрден алыс болмауы тиiс. Киiм шешетiн ашық, жабық орындар, шешiнетiн павильондардың гардеробтары күнбе күн дезинфекцияланып жуылуы тиiс. Шомылуға арналған орындарда кiр жууға және хайуанаттарды шомылдыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Тармақ 17
17. Базарлар Базар аумағы (оның iшiнде шаруашылық жүргiзу алаңдары, кiрер жер, кiре берiс жолдары) ағын су мен ерiген қар ағып кетуге еңкештелiп ыңғайланған қатты жамылғыда (асфальт, жұмыр тас) болуы тиiс. Базардың орналасуын тұрғын үйлерден санитарлық жағынан алғанда 50 метрден кем емес оқшауланған аумақта қарастыру қажет. Базар аумағында канализация мен су құбыры болуы тиiс. Базарлардағы канализациясыз күресiн өткiзбейтiн қоғамдық әжетханалар сауда орнына 20 метрден кем емес қашықтыққа орнатылуы тиiс. Мұндай әжетхананың бiреуi 50 сауда орнына есептелiп орнатылады. Базар алаңында әрбiр 50 шаршы метрге есептелiп бiр урна қойылуы керек, оның өзiнде олардың арақашықтығы сауда столынан әрi бойлай 10 метрден аспауы тиiс. Тамақ қалдықтарын жинау үшiн арнаулы ыдыс қойылуы керек. Базарларда көлемi 0,2 гектар және одан да көбiрек аумақтан жиналған қалдықтар 0,75 текше метр сыйымдықтағы контейнерде сақталуы тиiс. Базарлардың жұмыс сағатын басшылары (иелерi) белгiлейдi. Базарлардың бүкiл аумағын, негiзгi және қосалқы ғимараттарды, сауда орындарын, сөрелердi, столдарды, керек-жарақтарды жинау мен дезинфекциялау үшiн аптасына бiр рет санитарлық күн жарияланады. Техникалық жұмысшылар базар жабылған соң, базар аумағын тұтастай жинауға тиiс. Күндiз жинағыштарға толтырылған қалдықтарға патрулдiк жинау мен тазалау жүргiзуi тиiс.
Тармақ 18
18. Парктер мен саябақтар Ауыстыратын қоқыс жинағыштарды орнату үшiн бөлiнген учаскелерiмен шаруашылық аймағы көпшiлiк демалатын орыннан (би алаңы) 50 метрден жақын болмауы керек. Қоғамдық әжетханалар бiр орынға 500 келушiден есептелiнiп, көпшiлiк демалатын жерден 50 метрден жақын емес жерге орнатылуы қажет. Ондағы негiзгi жинастыру таңғы сағат 7 ден 11 ге дейiн жүргiзiлуi тиiс. Ал, қалған уақытта қалдықтарды жинап, патрулдiк жинастыру жүргiзедi, жас көшеттердi суарады.
Тарау 4. 4. Автожолдардың (өтетiн жер) күту мен жинастыру
4. Автожолдардың (өтетiн жер) күту мен жинастыру
Тармақ 19
19. Жолдарды (өтетiн жердi) жазғы уақытта жинау 15 сәуiрден 15 қарашаға дейiнгi уақыт iшiнде, су шашатын жуу машинасымен және жинап-сыпыратын машина көмегiмен жол жамылғыларын жуу арқылы жүзеге асырылады. Жуу түнгi уақытта 1 рет сағат 11.00 ден таңғы 7.00 ге дейiн жүргiзiлуi тиiс. Таңғы сағат 7.00 ден кешкi 21.00 ге дейiн күнiне бiр рет мiндеттi түрде су шашылып, сыпыру жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. Түнгi уақыттағы (қандай мезгiл екендiгiне қарамастан) жұмыс кезiнде шу болдырмау ережелерi сақталуға тиiс. Жиып-жинастыратын машиналардың орын алмасуы кезiнде де жол қозғалысы ережелерi сақталғаны жөн.
Тармақ 21
21. Қаладағы өтетiн жолдарды қыс кезiндегi жинастыру 15 қарашадан 15 сәуiрге дейiнгi мерзiм iшiнде жүзеге асырылады. Табиғаттың қолайсыз және қар мен тайғақтықтан тазалау кезiнде, жол қозғалысының тоқтамауы үшiн, арнаулы машиналар тез арада жолға шығуға әзiр болуы тиiс. Қар тазалайтын механизмдер өздерiнiң технологиялық маршрутын ең көп жол қозғалысы болатын жерлерден бастауы тиiс.
Тармақ 22
22. Төбедегi қар мен сүңгiлердi тазалау ғимарат иесiнiң мiндетiне кiредi және ондай кезде сақтық шаралары сақталуы тиiс (кезекшiлер бөлу, тротуарды қоршау). Төбеден түсiрiлген бiр жерге үйiледi және қажет жағдайда шығарылып тасталады.
Тармақ 23
23. Тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету үшiн, үйлерден шығарылған тұрмыстық қалдықтар таңғы сағат 7.00 ден ерте және кешкi сағат 23.00-тен кеш болмауы тиiс.
Тармақ 24
24. Меншiк иесi қоқыс құбырларындағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты (контейнер) уақытша сақтауға арналған алаңнан дер кезiнде өз күшiмен шығаруы немесе арнаулы ұйымдармен қоқыс шығару үшiн шарт жасауға мiндеттi, контейнер алаңына сұрыптау мен дезинфекция жасауды жүзеге асырады. ІТІ уақытша сақтайтын алаң маңындағы аумақты қалдықтармен ластанған жағдайда, алаң иесi оны жинауға немесе аумақты жинауға кететiн шығынды толтыруға (төлеуге) шұғыл шаралар қолдануға мiндеттi. Өз күшiмен қоқысты әкететiн жағдайда қоқыс пен қалдықтарды дер кезiнде шығармағаны үшiн жауапкершiлiк меншiк иесiне жүктеледi. Қоқыс пен тұрмыс қалдықтарын шығару, қоқысты әкету кестесi, орындаған жұмысы үшiн дер кезiнде ақы төленгенi жөнiндегi қызмет көрсетуге меншiк иесiнде жасасқан шарт болған жағдайда, уақытында әкетiлмеген қоқыс үшiн шарт жасасқан мамандандырылған ұйым жауапкершiлiктi өз мойнына алады.
Тармақ 25
25. Ғимаратты пайдаланатын мекеме, мекемелер мен кәсiпорындардың тұрғын үй бөлiмдерi, үйлердiң меңгерушiлерi мен коменданттары, пәтерлердiң меншiк иелерiнiң тұтыну кооперативтерi:
Тармақша 1
1) тұрмыс қалдықтарын әкетудiң iске асыруға, қажет жағдайда шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) елдi мекендер аумағын күтудiң санитарлық ережелерiн сақтау жөнiндегi шараларды орындау үшiн халықты ұйымдастыру мен түсiндiру жұмыстарының жүргiзуге;
Тармақша 3
3) үйлер мен ғимараттардың кiреберiстерiн, күнқағарларын, жертөлелерiн, шатырларын қажеттi өрттен қорғау мен санитарлық қалыпта күтуге;
Тармақша 4
4) қоқыс жиналатын ыдыстың асты су өтiлмейтiндей алаң болып жабдықталуы;
Тармақша 5
5) қалдықтарды, аула мен көшенiң сыпырындыларын жинау үшiн қолданылатын жинағыштармен және құралдармен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Тармақ 26
26. Үйлер, ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар аумағын жинайтын мамандандырылған кәсiпорындар бұл мiндеттерiн санитарлық нормалар мен ережелерге орай жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды дер кезiнде шығаруды (шартқа сәйкес) жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) әрбiр арнаулы машинаға қозғалыс схемасымен маршрут кестесi жасалынады;
Тармақша 3
3) пайдалану кезiнде болатын өзгерiстерге сәйкес маршрут кестесiнiң түзетiлуi;
Тармақша 4
4) бекiтiлген маршрут кестесiнiң мiндеттi орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) азаматтардың жеке меншiгiне қарасты салынған үйлер маңын қатты тұрмыстық қалдықтардан жетiсiне екi рет жоспарлы-жүйелi түрде үзбей тазалау жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Әрбiр елдi мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтардың әкетiлу уақытын тиiстi коммуналдық қызмет көрсету орны белгiлейдi және де оған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң жергiлiктi мекемелерiмен келiсiм жасалады.
Тармақ 28
28. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн жайлы тұрғын үй қорындағы стандартты металл контейнерлер (0,75 текше метр) қолданылады. Канализациялары жоқ Үйлерге арналып аҒаштан немесе металлдан жасалҒан жинаҒыштар қолданылады.
Тармақ 29
29. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңынан және халықтың демалатын орнынан контейнерлерге арналған алаң 20 метрден кем емес қашықтыққа қондырылуы тиiс. Алаң көлемi орнатылатын контейнерлердiң қажеттi санына қарай есептелуi тиiс, бiрақ 5 данадан аспауы керек. Әсiресе, тұрғын үй аумағындағы қалдықтарды уақытша сақтайтын орынды орналастыруға, аудандық сәулетшiмен және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келiсу қажет. Ерекше жағдайда, салынған үйлерде кездесетiн, ауладағы әжетханадан қалдықтарды уақытша сақтау орнының арасындағы алшақтықты белгiлеу мүмкiн болмағанда ол аралықты комиссия (сәулетшiнiң, тұрғын үй пайдалану ұйымының, санитарлық дәрiгердiң қатысуымен) белгiлейдi.
Тармақ 30
30. Жазғы уақыттағы қалдық жинағыштардың ауыстырылмайтын жүйедегiлерi айына бiр рет, ал, ауыстырылатындары ыдыстың iшi босаған соң жуылуы қажет. Энтомологиялық көрсеткiш бойынша дезинфекция жүргiзiледi.
Тармақ 31
31. Қалдықтар жинағыштан тамақ қалдықтарын және шикiзаттарды (мата, банкiлер, шөлмектер және тағы басқалар), сондай-ақ, қоқыс таситын көлiктен лақтырып тастауға жол берiлмейдi.
Тармақ 32
32. Үлкен емес қалдықтарды шығару мен пайдаға асыруды олардың жиналу шамасына қарай, бiрақ жетiсiне бiр рет үйлердiң меншiк иелерi атқарады.
Тармақ 33
33. Терi венерологиялық, жұқпа және туберкулез ауруханаларының, жұқпа аурулардың қайталанған түрiн сауықтыру жөнiндегi арнаулы санаторийлар асханаларынан, кафе мен ресторандардан тамақ қалдықтарын жинауға тыйым салынады. Қалдықтарға арналған басқа ыдыстағы жинағыштардан тамақ қалдықтарын iрiктеуге тыйым салынады.
Тармақ 34
34. Адамдар тiршiлiгіне керi әсер етудiң және шiрудiң алдын алу үшiн, оларды шығаруға дейiнгi тамақ қалдықтарын уақытша сақтау мерзiмi бiр тәулiктен аспауы керек.
Тармақ 35
35. Олардың меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан сауда және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде тамақ қалдықтарын уақытша сақтау, санитарлық нормалар мен сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Елдi мекендер аумағында шағын сәулеттiк нысандарды орнату мен күту тәртiбi
5. Елдi мекендер аумағында шағын сәулеттiк нысандарды орнату мен күту тәртiбi
Тармақ 36
36. Сыртқы көркейтудiң барлық элементтерi, оның iшiнде, қасбеттерiн өңдеу, аумақ құрылысының тәртiбiн айқындайтындай ережелерге сәйкес жасалу керек.
Тармақ 37
37. Дуалдардың, шарбақтардың, дүңгiршектердiң, шатырлардың, павильондардың, шағын дүкендердiң, жарнамалық стендтердiң құрылысы мен орнатуына, маңдайшадағы түрлi көрнекілеу мен басқа да жай№астыруларды безендiрулерге, парк орындықтарын орнатуға, тек белгiленген тәртiппен келiсiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. Шағын сәулеттiк нысандардың барлық орнатулары түзу тәртiпте ұсталуға тиiс, олар кемiнде жылына бiр рет сырлануы керек.
Тармақ 38
38. Көше жарығының, жарнама мен маңдайшадағы жазулардың, кiре берiстiң шырақтарын қараңғы түскеннен кейiн жағу керек.
Тармақ 39
39. Тұрғын үйлердiң, қызмет орнының өндiрiстiң және басқа да мықты ғимараттар мен құрылыстардың иелерi «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңына сәйкес үйлердiң нөмiрлiк белгiсiн, көше көрсеткiштерiн, сондай-ақ, маңдайшадағы (оның iшiнде жарнама сипатындағы жазулар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дұрыс күйiнде күтуге мiндеттi.
Тарау 6. 6. Инженерлiк құрылыстарды, байланыс жолдарын, құрылыс объектiлер мен автокөлiктердi күтудiң тәртiбi
6. Инженерлiк құрылыстарды, байланыс жолдарын, құрылыс объектiлер мен автокөлiктердi күтудiң тәртiбi
Тармақ 40
40. Жер асты желiлерiнiң иелерi қарауындағы газ люктерiнiң, канализацияның, су құбырларының, жаңбыр суы құйылатын және басқа да құдықтар қақпақтарының жол жамылғысы деңгейiнде болуын, олардың үнемi дұрыс күйiнде тұрақты күтiлуiн қадағалауға мiндеттi.
Тармақ 41
41. Көшелер мен жолдардан, жер үстi мен жер асты суларын бұрып жiберуге арналған каналдар, трубалар мен дренаждарды жинау мен тазалау, құйылу канализацияларының коллекторлары, суғаратын құдықтар қажеттi көздерiне қарай тазаланып, оның қоқыстары сол бойда шығарылып отырылады. Қоймалардың, базалардың, карьерлердiң, құрылыс алаңдары мен басқа да объектiлердiң иелерi:
Тармақша 1
1) көлiктiң бұрылуы үшiн алаңдарды, кiре берiс жолдарын таза және жөндеп ұстауды; Көлiк шығатын және iштей салынған жолдар қатты жамылғыда болуын;
Тармақша 2
2) көрсетiлген объектiлерден ласталған автокөлiк пен құрылыс механизмдерiнiң көшеге шығуына жол бермеудi, көлiктердiң доңғалақтары мен шанағын жууды қамтамасыз етедi.
Тармақ 42
42. Құрылыс алаңдары белгiленген үлгiдегi барлық периметр бойынша тығыз шарбақпен қоршалуы тиiс. Қоршауда көлiктiң ең аз шығып-кiруiне рұқсат етiледi және де олар жай көшелерге шығуы тиiс.
Тармақ 43
43. Көшелердегi, даңғылдардағы, кварталдың iшкi аумағындағы жөндеу-құрылыс өндiрiсi мен басқа да жер қазу жұмыстарын заңды және жеке тұлғалар уәкiлеттi орган келiсiмiмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Тiзiмдерi автожолдарды пайдалану жөнiндегi мамандандырылған қалалық кәсiпорындармен белгiленiп және аудан әкiмiмен бекiтiлген ауыр техникалар мен iрi жүктi көлiктердiң белгiлi бiр уақыт iшiнде қалаға кiруi мен болуына Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгiленген тәртiпте жол полициямен келiсiледi. Айырықшалық ретiндегiлерге, коммуналдық қызмет пен ұйымдардың, кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен шарт жасауы бойынша қаланың үйлер аумағынан маманданған үнемi жиыстыруы мен үлкен емес және басқа қоқыстарды шығаратын көлiктерi жатады.
Тармақ 45
45. Көлiк құралдарының иелерi, жеке автокөлiктi жүргiзушiлер көлiк құралдарын таза ұстауға мiндеттi. Ластанған көлiк құралдарымен қалада жүруге рұқсат етiлмейдi. Жалпы пайдаланымдағы немесе жолды»өтетiн бөлiгiн ластауға жол берген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшылары немесе жеке тұлғалар ластарды жоюға (алып тастауға) немесе сол жердi пайдаланған ұйым келтiрген шығын орнын толтыруға мiндеттi.
Тарау 7. 7. Осы Ережелер мен тыйым салынатын iс-әрекеттер
7. Осы Ережелер мен тыйым салынатын iс-әрекеттер
Тармақ 46
46. Төмендегi iс-әрекеттерге:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, көгалдарда, сондай-ақ, үй қасбеттерiнiң қасында құрылыс материалдарын, ағаштарды көмiрдi, шөптi, сабанды және басқа да материалдарды жинап қоюға;
Тармақша 2
2) балконның (лоджия) сыртына қоқымдарды қағуға;
Тармақша 3
3) жолды»өтетiн және жаяулар жүретiн бөлiгiн, жағалаудың құрылыстан бос орның мен жас көшеттер отырғызылған аумақты, сондай-ақ, жалпы пайдаланымдағы басқа жерлердi қоқыстың кез келген түрiмен (темекi қалдықтары, шынылар, қағаздар) тұрмыс қалдықтарымен ластауға;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлер жанында және жағалаудың санитарлық аймағында көлiк құралдарын, кiрлердi жууға, хайуандарды суға түсiруге;
Тармақша 5
5) тротуарлар мен жолдың өтетiн бөлiгiнде газ люктерiн, канализацияларын, су құбырын, жаңбыр суы ағатын және басқа да құдықтарды қоршамай ашық қалдыруға;
Тармақша 6
6) көшелерге, гүл бағына, бақшаларға, орман-парктерге, стадиондарға, мектеп қасындағы учаскелерге және басқа да жалпы пайдалануындағы орындарға мал, құс шығару мен бағуға;
Тармақша 7
7) осы мақсатқа бөлiнбеген аумақтарға иттердi қыдыртуға, иттердi» нәжiстерiн жинамай қалдыруға;
Тармақша 8
8) қала көшелерiмен шынжыр табанды көлiктердiң жүруiне;
Тармақша 9
9) көкөнiстердiң және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу үшiн көпшiлiктiң пайдалануындағы жас көшеттер аумағын пайдалануға;
Тармақша 10
10) жабылмаған әрi бұзылған шанақта және жабдықталмаған тiркемелерi бар автомашиналарда сусымалы және сұйық жүктi тасымалдауға;
Тармақша 11
11) жол мен жер қазу жұмыстарының өндiрiсi кезiнде жұмыс iстеп тұрған құрылыстарды (жол жабу, жиектеме, қоршау, құдықтардын люкi, су ағызатын тор, науа мен кюветтер, қайта жiберетiн құбырлар мен дренаждарды және басқа), жас көшеттердi бүлдiруге, сондай-ақ, топырақпен жабуға, жылу берумен, сумен жабдықтау, және канализацияның бұзылған жүйелерiн жөндеуде, тiкелей тротуарларға, көгалдарға және көшенiң жүрiп өтетiн бөлiгiне су кететiндей ретпен апат жұмыстарын жүргiзуге;
Тармақша 12
12) кәсiпорын, ұйым аумағында, тұрғын үй кварталдарының көшелерi мен көгалдарында, жеке учаскелерде қоқыс, жапырақ жағуға;
Тармақша 13
13) хабарландыру, жарнама, құлақтандыру, хабарлама және жағы басқаларды өз бетiмен жабыстыруға тыйым салынады.
Тармақ 47
47. Жас көшеттер аумағында:
Тармақша 1
1) көгалдармен жүруге, жас көшеттердi сындыруға, жұлуға немесе кесуге;
Тармақша 2
2) жолдарды тазалау мақсатында жас көшеттерге зиян келтiретiн тұз және басқа да заттарды қолдануға;
Тармақша 3
3) автомашинамен, мотоциклмен, велосипедпен тағы басқа да көлiк құралдармен жүруге (арнаулы көлiкпен басқа);
Тармақша 4
4) көгал мен бұтадан жасалған қоршау жанында жолаушы көлiк аялдамасын жасауға;
Тармақша 5
5) от жағуға, басқа да өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуға;
Тармақша 6
6) электр өткiзгiштердi, сымдарды, әткеншектердi және басқаларды бекiту үшiн ағаштарды пайдалануға;
Тармақша 7
7) тиiстi қызметпен келiсiлген, кесу ережелерi, сақталмаған агрономиялық мерзiмдерi белгiленуден тыс ағаштардың ұшақ басын қырқуға;
Тармақша 8
8) ағаштарды және бұта көшеттерiн өз еркiмен шабуды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) жеке учаскесi мен пәтерлерден тыс өз бетiмен қоршау орнатуға тыйым салынады.
Тарау 8. 8. Елдi мекендер аумағын көгалдандыру мен көркейту, санитарлық күту жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен қызмет орнының мiндеттерi
8. Елдi мекендер аумағын көгалдандыру мен көркейту, санитарлық күту жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен қызмет орнының мiндеттерi
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамалары негiзiне сәйкес көшелердi, аулаларды және елдi мекендер мен қаланың басқа аумағын, сондай-ақ, жағажай мен қоғамдық пайдалану орындарын күтудiң санитарлық ережелерiн сақтауда, қадағалау жасауды iшкi iстер органдары, экологиялық, өрттен қорғау, санитарлық және сәулет құрылысын қадағалаушылар жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. Қалалық аудандық iшкi iстер басқармасының учаскелiк инспекторлар көркейту мен көгалдандыру тәртiбiн бұзушы адамдарды айқындау және оларға материалдар жинап белгiленген тәртiпте тиiстi органдарға беруге;
Тармақ 50
50. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесiнiң мамандары төмендегi мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге:
Тармақша 1
1) елдi мекендерде көркейту және санитарлық тазартуды ұйымдастыру бойынша жергiлiктi басқару органдары шешiмдерiнiң жобасын әзiрлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) елдi мекендер мен ауыл, қаланы санитарлық тазартудың схемасын, өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын жобалау мен орналастыру жөнiндегi материалдарды қарау мен мақұлдауға;
Тармақша 3
3) елдi мекендердiң санитарлық жағдайына байланысты, тұрғындардың науқастығын бiлуге және талдауға;
Тармақша 4
4) эпидемиологиялық жағдайда байланысты аумақтардың жиналуы мен тазалығына тексеру рейдiн жүргiзу туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық органдар басшыларына ұсыныстар беруге;
Тармақша 5
5) жылына бiр рет, ал қажеттi жағдайда және одан да жиiрек эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, қалдықтарды жою мен шығару, жинау жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi арнайы тұрғын үй органдары мен кәсiпорындары үшiн санитарлық минимум бойынша нұсқаулық беру және сабақтар өткiзу.
Тарау 9. 9. Ережелердi бұзған үшiн жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi
9. Ережелердi бұзған үшiн жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi
Тармақ 51
51. Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне сәйкес, Осы Ережелердi бұзған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады.