Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 санды, заң күші бар, Жарлығының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы от 11.06.2003 г. № 99 (Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы)
1. Аудандық бюджет есебінен Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге, 1926-1927 жылдары туған Ұлы Отан соғысына соңғы әскерге шақырылған және Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнін атап өтуге байланысты Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларға теңестірілген Ауған соғысына қатысушыларға, соғысқа қатысушылардың жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде "Тылдағы ерең еңбегі үшін" медальмен марапатталғандарға, бейбіт мезгілде қаза тапқан жауынгерлер жанұясына, тұрмысы төмен отбасыларының жерлеу шығындарын өтеуіне көрсетілетін әлеуметтік төлем төлеудің Ережесі бекітілсін.
2. Бекітілген Ережеге сәйкесті әлеуметтік төлемді сұраған азаматтардың құжаттарын қабылдап, қорытынды шығару аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Сисенғалиға тапсырылсын.
Жаңақала аудан әкімдігінің
2003 жылғы 12 маусым күнгі
N 99 санды қаулысымен бекітілген
Азаматтардың жеке санаттарына
берілетін әлеуметтік төлемдер туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 санды, заң күші бар, Жарлығының 20 бабына сәйкес жасақталды.
1. Жергілікті атқару органдары өз құқығы мен құзыры шегінде тиісті бюджет есебінен төмендегі белгіленген санаттарға жеңілдіктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектің басқа түрлерін көрсету жөнінде мынадай шаралар белгілейді:
1) Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге;
2) Ұлы Отан соғысына соңғы әскерге шақырылған және 1926-1927 жылы туған, адамдарға;
3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтуге орай;
Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларға;
Соғысқа қатысушыларға теңестірілген Ауған соғысына қатысушыларға;
Соғысқа қатысушылардың жесірлеріне;
Соғыс кезінде "Тылдағы ерең еңбегі үшін" медальмен марапатталғандарға;
Бейбіт мезгілде қаза тапқан жауынгерлер жанұясына;
4) Тұрмысы төмен отбасыларының жерлеу шығындарын өтеуіне.
Дербес зейнеткерлер үшін:
1. Әлеуметтік төлем тағайындау жөнінде арызы;
2. Жеке куәлік көшірмесі (жаңа үлгіде);
3. Жанұя құрамы туралы анықтама;
4. Дербес зейнеткерлердің куәлік көшірмесі немесе мұрағаттан қажетті құжат;
5. РНН.
Соғысқа соңғы әскерге шақырылғандар үшін:
1. Әлеуметтік төлем тағайындау жөнінде арыз;
2. Жеке куәліктің көшірмесі (жаңа үлгіде);
3. Жанұя құрамы туралы анықтама.
4. Зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
5. Әскери билетінің көшірмесі;
6. Аудандық әскери комиссариаттан немесе мұрағаттан соңғы шақырылғандығы жөнінде анықтама;
7. Тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін КСРО ордендері мен медальдарының куәлік көшірмесі;
8. РНН.
1. Аудандық әскери комиссариатпен және зейнетақы төлеу орталығымен келісілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың тізімі.
1. Әлеуметтік төлем тағайындау туралы арыз;
2. Әлім туралы анықтама;
3. Қайтыс болуы туралы куәлік;
4. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен жұмыссыздығы жөнінде анықтама (есепте тұрмаған жұмыссыздардың ерекше жағдайда қайтыс болғанда ауылдық округі әкімінің өтінуі);
5. Жанұя құрамы туралы анықтама немесе тұрғылықты жерде есепте тұрғандығы жөнінде анықтама;
6. Жеке куәлік (көшірмесі);
7. РНН.
Жұмыссыздарды жерлеуге берілетін әлеуметтік төлем жерлеуді мойнына алған адамға ғана тағайындалады.
Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек қайтыс болған күннен бастап 6 ай мерзімге дейін арыз берген азаматтарға төленеді.
1. Дербес зейнеткерлер үшін белгіленгендей 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап 872 теңге;
2. 1926-1927 дүниеге келген Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған адамдарға 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын 2003 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2529 теңге көлемінде;
3. Тұрмысы төмен отбасыларға жерлеу шығындарын өтеуге 10 есе есептік көрсеткіш мөлшерінде 2003 жылғы 1 қаңтарынан тағайындалды;
4. Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай;
Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларға - 5000 теңге;
Соғысқа қатысушыларға теңестірілген Ауған соғысына қатысушыларға - 3000 теңге;
Соғысқа қатысушылардың жесірлеріне - 3000 теңге;
Тылда еңбек еткендерге - 3000 теңге;
Бейбіт мезгілде қаза тапқан жауынгерлер жанұясына - 5000 теңге.
1. Әлеуметтік төлемдерді төлеу аудандық пошта басқармасы және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады;
2. Әлеуметтік төлемдер осы Ереже бекітіліп, басылымда жарияланған күнінен тиісті органға құжаттарын тапсырған жағдайда қаулыларда көрсетілген мерзімнен төленеді;
3. Көмек сұраушы азаматтар тапсырылған құжаттардың дұрыстығы үшін толық жауап береді, төлем жүргізілгеннен кейін қандай да болмасын қателіктер болмаса күмәнді мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген көмек қазіргі заңдарда белгіленген тәртіппен кінәлі адамнан өндіріліп алынады.
4. Көмек республикалық бюджет туралы Заңды белгіленгендей әр тоқсанға есептеу көрсеткішінен пайызбен тағайындалады.
5. Осы Ережедегі қарастырылған әлеуметтік төлем басқа жәрдемақы алуына қарамастан тағайындалады және төленеді.