О некоторых вопросах коммунального государственного учреждения «Улытауское хозяйство по охране лесов и животного мира» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах коммунального государственного учреждения «Улытауское хозяйство по охране лесов и животного мира» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 867
- Қабылданған күні
- 07.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2021 161913_551558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000867
- ЭКБ идентификаторы
- 161913
- Редакция идентификаторы
- 161913_551558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:21
0 Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық меншігінен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілсін.
2
2. Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып өзгертілсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мекемеге қатысты тиісті саланы (аясын) мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4 4. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген КММ қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2 2) мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. КММ-нің жалпы ауданы 58 912 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан алып қойылсын.
6 6. Осы қаулының 5-тармағында көрсетілген Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағындағы жер учаскелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес мекемеге тұрақты жер пайдалану құқығымен берілсін.
7 7. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
8 8. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) КММ ұстауға жергілікті бюджеттен 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке бөлінген қаражаттың кері трансферттері көзделсін;
2 2) КММ-нің 30 бірлік штат санын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берсін;
3 3) экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке осы аймақ шегінде тыйым сала және (немесе) шектей отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін.
9 9. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
10 10. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
гектар
Атауы
Жалпы
көлемі
оның ішінде
орманды жерлер
орманды жерлер жиыны
ормансыз жерлер
орман көмкер-ген,
барлығы
оның ішінде
орман көмкер-меген
егістіктер, тыңайған жерлер
шабын-дықтар
жайы-лымдар
үйлер
су
астында
шоқ ағаштар
орман
дақылдары
Орман қорының жерлері
(Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы)
58912
7914
4646
5
234
8148
1740
1901
34414
38
57
Барлығы
58912
7914
4646
5
234
8148
1740
1901
34414
38
57
Кестенің жалғасы
оның ішінде
ормансыз жерлер
ормансыз жерлер
жиыны
жолдар
басқа жерлер
103
12511
50764
103
12511
50764
_____________________________________
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
1 1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
16-бөлімде:
мына:
«
16
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
5431
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
3772
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
16
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
5461
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
3849
»;
мынадай мазмұндағы 31) жолмен толықтырылсын:
«
31)
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
77
».
2 2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42-43, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Қарағанды облысы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 62-1-жолмен толықтырылсын:
«
62-1
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
58912
Ұлытау ауданы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
реттік нөмірі 68-жол алып тасталсын.
3
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:
«30. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі».
___________________________