Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 560
- Қабылданған күні
- 07.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2023 161996_624511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21N000560A
- ЭКБ идентификаторы
- 161996
- Редакция идентификаторы
- 161996_624511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:20
0 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда аталған ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 560 қаулысымен
бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Басқармада осы ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3 3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5 5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6 6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7 7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешімдер қабылдайды.
8 8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, М. Дулатов көшесі, 68-құрылыс.
10 10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12 12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
2 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
13 13. Мақсаттары:
1 1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2 2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
3 3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
4 4) спорттық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдана отырып, дамыту.
14 14. Өкілеттіктері:
1 1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шараларды, сондай-ақ Басқарманың қызметі мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтары;
2 2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттері.
15 15. Функциялары:
1 1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2
2) спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарды өткізеді, сондай-ақ спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге, сондай-ақ жергілікті аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спортшы-мүгедектер арасында, оның ішінде ұлттық,техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт бойынша жарыстарға қатысады;
3 3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4 4) облыс аумағында бұқаралық спортты және мүгедектігі бар адамдар арасындағы және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5 5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6 6) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
7
7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
8 8) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
9 9) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10 10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
11 11) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
12 12) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
13 13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
14 14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
15 15) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
16 16) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
17 17) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелері беріледі;
18 18) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
19
19) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамына кіретін (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары), спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін (ұлттық құрама командалары) спортшыларға ай сайын ақшалай үлес төлеуін әзірлейді және бекітеді;
20 20) дене шынықтыру мен спорт саласындағы басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және уәкілетті органның келісуі бойынша бекітеді;
21 21) өз құзыреті шегінде «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
3 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16 16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
17 17. Басқарманың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18 18. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19 19. Басқарманың бiрiншi басшысының өкілеттігі:
1 1) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2 2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3 3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4 4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әрекет етеді;
5 5) бірінші қол қою құқығына ие;
6 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікті атқарады;
7 7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8 8) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20 20. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21 21. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22 22. Басқармаға бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23 23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24 «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынысты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қостанай
облысы әкімдігінің
дене шынықтыру және
спорт басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге
қосымша
«Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынысты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі