О Правилах использования резерва акимата района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах использования резерва акимата района
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 18.06.2003
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2024 16207_743325.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03SG000972
- ЭКБ идентификаторы
- 16207
- Редакция идентификаторы
- 16207_743325
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:14
0 Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкімдігі Қаулы етеді:
1 1. Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.
2 2. Жамбыл ауданы әкімдігінің резервін пайдалану Тәртібі туралы» аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 97 қаулысы жойылсын
Келісілген:
Ауданның қаржы
басқармасының бастығы
Л.Шайхлесова
3 Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы
18 маусымындағы «Аудан әкімдігінің
резервін пайдалану Ережесі туралы»
№ 127 қаулысымен
Бекітілген
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
1 1. Осы Ереже тиісті каржы жылына Жамбыл аудандық мәслихаты бекіткен сомалар шегінде Жамбыл ауданы әкімдігінің (әрі қарай - әкімдік резерві) резерв қаражатын бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.
2
2. Аудандық бюджет құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына аудан әкімдігінің резерві «Бюджет жүйесі туралы» Қазакстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Зандарының 13 бабына және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерістерімен «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазакстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 Заңына сәйкес қалыптастырылады. Аудан әкімдігінің резервінде мыналар:
аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат
сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған каражат көзделеді.
Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімі резервінің құрамында қарастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда аудан әкімі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгертулер енгізу жолымен аудан әкімі резервінің көлемін ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
3
3. Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген, экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанында № 2012 тіркелген Бірыңғай бюджеттік сынаптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшері және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
4 4. Аудан әкімдігінің резерв қаражатын мақсатты белгіленген және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға пайдаланыла алмайды. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды.
Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудандық бюджетке қайтарылады.
5 5. Жамбыл ауданы әкімдігінің резерв мөлшері аудандық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауы тиіс.
6 6. Бюджеттің атқарылу процесінде тапшылықтың нақтыланған деңгейінің жоғарылауы немесе бюджетке түсетін кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда, белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестрлеу енгізіледі.
2 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
7
7. Бюджеттік бағдарламалардың аудандық әкімшілері төтенше жағдайларды жоюға аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу мәселелерін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық басқарма аудандық қаржы басқармасымен келісе отырып қарастырады, аудан әкімдігінің қаржы бөлу туралы қаулысы жобасына белгіленген тәртіпте бұрыштама қояды. Бүл ретте негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну ережесін қаржы басқармасы мен
төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия анықтайды.
8 8. Аудан әкімдігінің резервінен төтенше жағдайларды жою үшін, сондай-ақ:
төтенше жағдайлардың туындау нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға материалдык көмек көрсетуге;
зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға;
шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен, жарақтарымен қосымша жабдықтауға;
кәсіпорындар мен ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізуге арналған шығыстарды, олардың меншік түрінен тәуелсіз етуге;
төтенше жағдайлар аймағын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығатын шығындарды өтеу;
төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да іс-шараларға жүргізіледі.
3 3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңды тәртіпте аудан әкімі аппаратының құқық мәселесі жөнінен бас маманы немесе аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.