О признании утратившими силу некоторых приказов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 640-НҚ
- Қабылданған күні
- 22.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2021 162111_553952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100026005
- ЭКБ идентификаторы
- 162111
- Редакция идентификаторы
- 162111_553952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:55
0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
0 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 640-НҚ
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. «Сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6396 болып тіркелген).
2
2. «Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14302 болып тіркелген).