Құжат мәтініне өту

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в городе Каражал, поселках Шалгинск и Жайрем

Қаулы · № 113 · қабылданған 30.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162141/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в городе Каражал, поселках Шалгинск и Жайрем Қолданыста Қаулы ·№ 113 ·30.11.2021
30.11.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в городе Каражал, поселках Шалгинск и Жайрем

Қолданыста Қаулы ·№ 113 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в городе Каражал, поселках Шалгинск и Жайрем
Атауы (қаз.)
Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
113
Қабылданған күні
30.11.2021
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2022
Көрсетілген редакция
30.11.2021 162141_552072.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KE026021
ЭКБ идентификаторы
162141
Редакция идентификаторы
162141_552072
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:28

0 Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қаражал қаласының Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Қаражал қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 113
Қаулысына қосымшасы
Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Аймаққа бөлу коэффициентті
Қаражал қаласының және Шалғы кентінің салық салу объектісінің орналасқан жері
1
5 қабатты үйлер, әкімшілік ғимараты, қонақ үй, аурухана, мемлекеттік кірістер басқармасы орналасқан қаланың орталық бөлігі (шекаралары: солтүстікте - Битабар көшесі, шығыста - 12 орам, оңтүстікте - 25 орам, батыста - Дүкенов көшесі)
2, 00
2
Қойма үй-жайлары, жылу-сумен жабдықтау цехы, спорт кешені, мешіт орналасқан коммуналды-қоймалық аумақ (шекаралары: оңтүстікте - Битабар көшесі, солтүстік, шығыс, батыста - құрылыстан босатылған жерлер)
1, 40
3
Жеке сектор үйлері орналасқан қаланың батыс бөлігі (Рысқұлбеков, Амангелді, Гагарин, Қарағанды, Кенесары, Горняков көшелері)
1, 75
4
Теміржол көлігі объектілері қамтыған қаланың өндірістік аумағы
1, 15
5
Көп қабатты құрылыс үйлері орналасқан 25 орам аумағы
1, 90
6
Құрылысшылар және ескі Қаражал ықшам аудандары
1, 45
7
Станциялық ықшам ауданы
1, 15
8
Шалғы кентінің аумағы
0, 90
9
Ақтай ықшам ауданы, Степная көшесі
0, 80
10
Қаражал қаласы жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы
0, 50
Жәйрем кентінің салық салу объектісінің орналасқан жері
11
Бизнес орталығы, қонақ үйі, сот ғимраты, мектеп орналасқан кенттің орталық бөлігі (шекаралары: солтүстікте - Мамаев көшесі, батыста - Пионерская бульвары, шығыста - Металлуров көшесі, оңтүстікте - 2 орам)
1, 90
12
Әкімшілік ғимараты, аурухана, "Весна" және "Үшқатын" қонақ үйлері (шекаралары: солтүстікте - Сейфуллин көшесі, шығыста – Металлургов көшесі, оңтүстікте - автостанция)
1, 95
13
Жеке сектор аумағы, мектептер, дүкендер (шекаралары: солтүстікте - Даулетбаев көшесі, шығыста - Молдағұлова көшесі, оңтүстікте - Шинтуринов көшесі, батыста - құрылыстан босатылған жерлер)
1, 45
14
Жеке сектор аумағы, батыста - Молдағұлова көшесінен Заводская көшесіне дейін, шығыста- Металлургов пен Луговая көшелері арасындағы аумақ
1, 30
15
Жәйрем кентінің жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы
0, 95

Қолданыстағы