Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қаулы · № 893 · қабылданған 15.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162156/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 893 ·15.12.2021
15.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 893 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
893
Қабылданған күні
15.12.2021
Көрсетілген редакция
15.12.2021 162156_552141.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000893
ЭКБ идентификаторы
162156
Редакция идентификаторы
162156_552141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:01

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары:
«мынадай мазмұндағы 95-99) тармақшамен толықтырылсын:
«95-99) күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сәбилер үйлеріндегі балалар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.».

3 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы